«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында студенттермен кездесу

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында аталған арнайы жобалардың қатарында Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасы жүзеге асуда. Мақалада алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттілігін айтқан болатын. Осы орайда, қазіргі таңда 48 оқулық қазақ тіліне аударылып отыр.

26.09.2019 ж. бұл жобаны іске асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің, педагогика кафедрасында ПОҚ–ның студенттермен кездесуі өтті. Педагогика кафедрасының компьютерлік-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жетпісбаева А.А. ұйымдастырған кездесуде, педагогока кафедрасының меңгерушісі Қалиев Д.Д., кафедра оқытушылары Абдиркенова А.Қ., Ақанбаев Б.Н. студенттерді «Медиа және журналистика», «Интернет психология», «Оқыту теориясы» т.б. сынды жаңа оқулықтармен таныстырды.

Іс-шараға ақпараттық-кітапхана орталығынан мамандар да келіп, өз ойларымен бөлісіп, бірнеше кітаптарға презентация жасады. Кітапханадан әкелінген 30-ға жуық кітаптан, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Қазақстанның Ашық Университеті» сайтына студенттердің тіркелуімен таныстырылып, сайттағы ресурстарды, кітаптар мен курстарды қалай пайдаланылатындығы көрсетілді.

2019 09 26 2

2019 09 26 1

2019 09 26 3

2019 09 26 5

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында студенттермен кездесу