«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің халықаралық олимпиадаға қатысқандықтары туралы

2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінде педагогика және психология Институтында «Кіші мектеп жасындағы оқушы қазіргі заманауи ақпараттық кеңістігінде» атты бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша қашықтықтан Жалпы ресейлік студенттік олимпиада (халықаралық қатысуымен) өтті.

Олимпиаданың мақсаты талантты, шығармашылықпен ойлай білетін студенттерді анықтау, олардың кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсендіру болып табылады.

«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасынан п.ғ.к. Байжанова Сауле Аскарбековнаның жетекшілігімен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттерінен құрылған 2 топ қатысты.

Равинская Валерия, Фирсова Полина, Дзыгало Марина және Вайленко Мария құрамындағы топ 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, ал Молокова Алина, Лантух Яна, Алимгасинова Гульшат, Дордий Ирина құрамындағы топ 3-ші орынды иеленді.

Олимпиадаға қатысушылар қатысқандары үшін сертификат, ал ғылыми жетекшісі студенттерді жоғары деңгейде кәсіби тұрғыдан даярлағаны үшін алғыс хат алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің халықаралық олимпиадаға қатысқандықтары туралы