Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының X Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтау!

2019 жылғы 18-29 сәуірде Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде 5В010100-"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиада болашақ тәрбиешелердің шығармашылық қабілеттерін, студенттердің кәсіби–педагогикалық іс-әрекетінде қажетті білім мен білік деңгейін анықтауға бағытталды.

Пәндік олимпиада 5 сайыстан тұрды:

  1. «Біз командада жұмыс істейміз» Команданың өзін таныстыруы
  2. «Күш-білімде» Міндетті компонент пәндері бойынша тестілеу
  3. «Сенің мүмкіндігің» Интеллектуалдық марафон
  4. «Сандық әлемге саяхат» шығармашылық жоба сайысы.
  5. «Табыс формуласы: білім + кәсібилік = балабақша» практикалық байқауы.

Пәндік олимпиадаға 19 топ қатысты. Соның ішінде университетіміздің атынан психология және педагогика факультетінің "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының 3 курс студенттері Тұрғанбек Зере, Өмірзақ Агилия, Рысбек Нұрбике, Казбекова Карлығаш мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы Сұлтанбекова А. Ж. жетекшілігімен олимпиадаға қатысып, екінші орынға ие болды.

Республикалық пәндік олимпиадада 1,2,3 орынды иеленген студенттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығының X Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарын құттықтау!