Оқытушы А.К. Бекенованың "Педагогикалық ұжымдағы басқару қарым-қатынасының ерекшеліктері" тақырыбындағы ашық семинар сабағы

12 сәуір 2019 жыл Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасының апталығы аясында Гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна "Дефектология" мамандығының 2 курс студенттерімен "Білім берудегі Менеджмент" пәні бойынша "Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

Сабақта сыни ойлау стратегиялары қолданылды: "Кинометафора", "Миға шабуыл", "SWOT - талдау", "Фишбоун", "Жұқа және қалың сұрақтар".

Оқытудың белсенді әдістері мен топтық жұмыс барлық студенттерді оқыту үдерісіне тартуға мүмкіндік берді.

"Бағдаршам", "Екі жұлдыз бір тілек", "Үлкен саусақты әдісі", "Чемодан, ет тартқыш, қоқыс жәшігі" әдістерімен формативті бағалау жүргізілді.

Тапсырмалар оқу мақсатына сәйкес құрастырылды, дескрипторлар әзірленді. Өзара бағалау конструктивті кері байланысты ұсынуға ықпал етті.

Студенттер жоғары білім деңгейін көрсетті. Студенттер топтарда орындаған тапсырмалар проблемалық сипатта болды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Білім алушылар сабақта белсенді, мұқият, жұмысқа қабілетті болып, өздерінің семинарлардағы жұмысының табыстылығын, нәтижелілігін және материалды меңгеру дәрежесін атап өтті. Студенттердің оқу қызметін ұйымдастырудың таңдалған түрі тиімді болды. Сабақтың кезеңдері өзара тығыз байланысты болды, әр түрлі қызмет түрлері кезектесіп отырды. Ақыл-ой іс-әрекеттері практикалық сипатқа ие болды.

Ашық семинар сабағының соңында педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Өтегенова Б.М. және педагогика кафедрасының оқытушылары Иванова Е.Н., Мнайдарова С.С., Шалғымбекова А.Б., Ермағанбетова А.Ж., Хамзина К.Б. білім алушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің оқытушы қолданған әдістері мен тәсілдерінің нәтижелілігі мен тиімділігіне талдау жасап, Бекенова А. К. педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетіп, семинар сабағының қойылған мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін оқытудың техникалық құралдарын әдістемелік сауатты қолданды деген қорытындыға келді.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Оқытушы А.К. Бекенованың "Педагогикалық ұжымдағы басқару қарым-қатынасының ерекшеліктері" тақырыбындағы ашық семинар сабағы