«Ринолалия белгісі бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық жұмыс»

29 наурыз 2019 жыл психология және дефектология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лиходедова Л. Н. 5В010500–Дефектология мамандығының 3 курс студенттері үшін «Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабаққа психология және педагогика факультетінің деканы, ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.А.Айдналиева, психология және дефектология кафедрасының оқытушылары: аға оқытушы, магистр, Г.А.Алипбаева, аға оқытушы, магистр, О.В.Казакова, оқытушы, магистр, Боровик И.С., оқытушы, магистр, Р.А.Сатыбалдина, сонымен қатар «Қостанай қ. №4 емханасы» ММ практикалық маман-логопед Ю.А.Абрамова қатысты.

Сабақ барысында этиология, ринолалияның әртүрлі формаларының патогенезі және оларды функционалдық зерттеу әдістері, сөйлеу және сөйлеу емес симптоматикасы, ринолалия кезіндегі компенсаторлық ерекшеліктері, ринолалик-балалардың психикалық мәртебесі ерекшеліктері, ринолалияны жою бойынша кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық жұмыс мәселелері ашылды. Дәріс барысында А. Г. Ипполитованың, Л. И. Вансовскаяның, С. Л. Таптапованың, И. И. Ермакованың әзірлеген логопедиялық әсер ету әдістемелеріне толық талдау жасалды. Ұсынылған оқу материалдары студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды.

Шақырылған қонақ – логопед-практик Ю. А. Абрамова ұсынылған дәрістік материалдың өзектілігін, теориялық жаңалығын және кәсіби-қолданбалы сипатын атап өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Ринолалия белгісі бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық жұмыс»