Университетімізде блогиада

Университетімізде жастар жылы қарсаңында блогиада өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Блогиада  барысында 1 ай ішінде жастар жылы, отбасы құндылықтары, педагог мәртебесі, латын әліпбиіне көшу, достық құндылығы, инновация және де басқа тақырыптарда пост жазылды. Тақырыптар бойынша жазған посттарын жас блогерлер инстаграмм парақшаларында #newdem_блогиада хэштегімен бөлісті.

Әр күн сайын жазылған посттарын оқу арқылы үздіктер таңдалды. Үздіктерді анықтауға «Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы Ғапбасова Эльвира Жұмабекқызы, «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының тележүргізушісі Мукушева Мөлдір Қуанышбайқызы, жоба жетекшісі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызы анықтады. Марафон нәтижесінде 1 - орын Қазақ және орыс филологиясы факультетінің 3 курс студенті Ихсан Данияр, 2 - орынды Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 2 курс студенті Ибраев Шыңғыс, 3-орынды Жаратылыстану-математика факультетінің 2 курс студенті Раушан Балжан иеленді. Жас блогерлерімізді «Chicker`s» мейрамханасы қолдады. Мейрамхана басшысы жүлдегерлерге 5000, 3000 және 2000 теңгелік сертификатын сыйға тартты.

Біздің мекен жайымыз

11000, Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз