Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері

2019 жылдың 1 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған Алтынсарин оқулары «Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференция – педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимыл бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орнының жыл сайынғы ғылыми-әдістемелік іс-шарасы.

Конференция кәсіби халықаралық қоғамдастық пен өзекті мәселелерді талқылау және қорыту, білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалының белсенді қатысуымен педагогика кафедрасы болды.

Конференция жұмысына 250-ден астам адам қатысты, ЖОО оқытушылары мен мектеп және колледж педагогтары «Рухани жанғыру» басым идеялары контекстінде қазіргі заманғы білім беру бағыттарын, заманауи мектеп және ЖОО жағдайында инклюзивті білім берудің перспективаларын, заманауи білім беруде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолданудың зерттеу тәжірибесін, білім беруді цифрландыру жағдайында тәрбие әлеуетін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдарын белсенді талқылады.

Пленарлық отырыста профессор, тарих ғылымдарының докторы, педагогикалық жоғарғы оқу орны ректоры Әбіл Еркін Аманжолұлы, университеттердің өңірлердің дамуына ықпал ету мәселелері бойынша; педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының профессоры Бережнова Елена Викторовна қазіргі білім берудегі ақпараттандыру принципін ғылыми ұғыну тақырыбы бойынша; Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ профессоры, белгілі ыбырайтанушы Оспанов Серікбай: «Рабғұзи қиссалары және Ыбырай Алтынсарин» және педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Онищенко Елена Анатольевна мұғалімдердің зерттеу дағдыларын және әлеуметтік капиталды дамыту мақсатында тірек мектептері педагогтарының өзара іс - қимылын басқаруды үйлестіру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Алтынсарин оқуларына қатысушылар білім беру жүйесінің педагогтары, ғалымдары мен ұйымдастырушыларының халықаралық ынтымақтастығы мен әлеуметтік әріптестігін кеңейту қажеттілігін атап өтті.

«Рухани жанғыру» басым идеялары контекстіндегі қазіргі заманғы білім берудің өзекті бағыттары» атты бірінші секция диалогтық алаң форматында өтті. Секция жұмысы барысында «Рухани жаңғыру» контекстіндегі білім беру және тәрбие сапасын арттырудың стратегиялық платформасының әдіснамасы мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының білім берудің жаңартылған моделінде жүзеге асырылуы – болашақта табыстың іргелі факторы екенін атап өтті. Горький атындағы гимназиясының тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Артемова Елена Михайловнаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес білім беруді модернизациялаудың тұжырымдамалық негізі ретінде методологияның рөлі бойынша оқыған баяндамасы қатысушыларда қызығушылық тудырды.

«Заманауи мектеп пен ЖОО жағдайындағы инклюзивті білім беру болашағы» атты екінші секцияның тақырыбы конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен презентациялық көрсетілімдерінде ашылды. Қазіргі заманғы білім беру құндылықтарына көзқарастың елеулі өзгеруі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мүдделерін, мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке алуға бағытталған білім берудің жаңа парадигмасын жасауды талап етеді. Бұл үшін негіз инклюзивті немесе интеграцияланған білім беру идеяларын ілгерілету болып табылады.

Секция жұмысына ҚМПУ оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері қатысты.

М. Горький атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Влад Юлия Юрьевна, Пличкина Светлана Федоровналардың баяндамаларында жалпы білім беру ұйымдарына инклюзияны енгізумен байланысты проблемалар айтылды. Педагогтар балаларды инклюзивті оқыту тәжірибесімен бөлісті.

ҚМПУ аға оқытушысы А. Б. Саламатованың сөз сөйлеуі қызықты болды, Алмагүл Бахитовна жоғары кәсіби білім алу барысында ерекше білім алу қажеттілігі бар студенттерді қолдаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері туралы айтты.

Конференция жұмысының үшінші секциясы «Заманауи білім беру тәжірибесінде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану тәжірибесі» тақырыбына арналды. Баяндамашылардың презентацияларында мұғалімдердің инновациялық технологиялары мен зерттеу тәжірибесін қолдану бойынша педагогтардың тәжірибесі ұсынылды. қатысушылардың ең көбі осы секцияда болды, ол коучинг элементтері арқылы педагог-тренерлердің шеберлік сыныптарын ұйымдастыра отырып, екі лекте өтті.

«Білім беруді цифрландыру жағдайында тәрбие әлеуетін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» атты төртінші секция дөңгелек үстел форматында өтті. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, педагогикалық пәндер бойынша оқу сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану, білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтардың тәрбиелік әлеуетін ұйымдастыру бағыттарының ерекшеліктері белсенді талқыланды.

«Білім беру практикасының сапасын арттырудың өзекті мәселелері» атты Алтынсарин оқулары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысының аяқталуы қатысу сертификаттарын тапсыру және резолюция қабылдау болды.

Баяндамалар тыңдап, талқылап, конференцияға қатысушылар келесі ұсынымдарды қабылдады:

  1. Құзыретті, әлеуметтік бейімделген, рухани-адамгершілік тұлғаны, гуманистік құндылықтармен қалыптастыру үдерісіне «Рухани жаңғыру» концептуалды идеяларын практикалық енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;
  2. Орта білімнің жаңартылған мазмұнының тәжірибесін және жоғары кәсіптік білімнің білім беру нәтижелерін интеграциялау мәселелерін шешуге ықпал ету;
  3. Білім беру практикасын жаңғырту міндеттерін шешуде өңірдің білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын жетілдіру;
  4. Білім берудің жаңартылған мазмұнының, үш тілді білім берудің оқу бағдарламаларын енгізуді жүзеге асыратын пилоттық және тірек мектептердің тәжірибесін зерделеу, қолдану және тарату;
  5. Білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың тәрбиелік-білім беру әлеуетін дамыту;
  6. Педагогикалық жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының білім беру практикасына инновацияларды енгізу мәселесі бойынша жыл сайын Алтынсарин оқуларын өткізу ұсынылсын.

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Алтынсаринские чтения

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері