Қашықтықтан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасы

2020 жылыдың 21-22 мамырында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттікуниверситеті ZООМ платформасы негізінде онлайн форматта 6В01202-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білімберу бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасын ұйымдастырды.

Олимпиаданың мақсаты менміндеттері:

  • студенттердің оқу-танымдық жәнеоқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру;
  • студенттердің кәсіби-тұлғалықәлеуетін, олардың өзіндік санасын, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі жетілдіруүшін жағдай жасау;
  • студенттердің азаматтықпозициясын тәрбиелеу;
  • ең талантты және дарындыстуденттерді іріктеу және қолдау;
  • бәсекегеқабілетті, жаңашыл, әлемдік білім беру үдерісін меңгерген білімді де білікті,дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.

Олимпиада 4  турдан тұрды:

  1. «Заманауитәрбиеші мәртебесі» шығармашылық байқауы.Командалардың өзін таныстыруы.
  2. «ХХІғасырдағы оқыту дизайны» тақырыбындағы эссе байқауы.
  3. «Тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің көкжиегі – 4К моделі» шығармашылықжоба сайысы.
  4. «Зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық  тұрғыда дамыған тұлға – болашақ кепілі»  панорамалық сабақ байқауы.

Республикалықпәндік олимпиадаға 15 топ қатысты. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттікпедагогикалық университетінің, Психология және педагогика факультетінің, «Мектепкедейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту ментәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері Жұманова АйжамалҚосылбекқызы, Камзина Асель Кайратовна, Утегенова Арайлым Ерболовна, 2 курсстуденті Мирасбек Гүлім Сәрсенқызы және мектепкедейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы Султанбекова ЖадыраХамитбековнаның жетекшілігімен олимпиадаға қатысты.

Олимпиадақорытындысы бойынша Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ командасы «Тәрбиешінің кәсібишеберлігінің көкжиегі – 4К моделі» тақырыбында «Ең үздік шығармашылық жоба» номинациясымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қашықтықтан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасы