«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі патриотизм!» роликтердің онлайн байқауы

2020 жылдың 20-24 сәуірі аралығында Психология және дефектология кафедрасының апталығы аясында «Педагогика және психология», «Психология», «Дефектология» мамандықтарының студенттері арасында аға оқытушылар З. Д. Ахметбекова мен Б. К. Каированың жетекшілігімен ««Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі патриотизм!» тақырыбымен роликтердің онлайн байқауы өткізілді.  

Қазақстанның, қоғам мен қаланың болашағы азаматтық және патриоттық бастамалардың, жастардың мемлекет өміріне қатысуы мен өз Отанының, туған жерінің қазіргі және болашағы үшін жауапкершілігінің сапа көрсеткіштері мен қазіргі ұрпақтың амандығымен анықталады.

Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері жастардың шығармашылық қабілеттерін қолдау және дамыту; кәсіби өзін-өзі тануды ынталандыру, ой-өрісін кеңейту және практикалық қызмет арқылы патриотизмді қалыптастыру; ішкі рухани даму және жастардың белсенді шығармашылық, өмірлік және азаматтық ұстанымын іске асыру үшін қолайлы орта құру; «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын іске асыру жағдайында жаңа құндылықтық бағдарларды қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараға кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар өздерінің бейнероликтерін Психология және дефектология кафедрасының инстаграмм бетіне «Мен өз елінің патриотымын #Отаншылдық өзін тәрбиелеуден басталады» хештегі бойынша жарияланды. Патриоттық сезімге арналған және байқау шарттарына сәйкес келетін үздік бейнероликтер көру және түсініктеме арқылы анықталды.

Бірінші орынды қазақ бөлімінің "Дефектология" мамандығының 2 курс студенттері Ахметова Оксана, Утегенова Ботагоз, Сулейманова Раушан, Тахатбек Айгерім, Қажмұрат Айым, Абдильдина Ақбота алды. Екінші орынды орыс бөлімінің "Психология" мамандығының 2 курс студенттері Кодзоев Алихан, Микитенко Александра, Умаров Данияр иеленді. Үшінші орынды қазақ бөлімінің "Дефектология" мамандығының 1 курс студенттері Абдыбекова Акерке, Байдрахман Аружан, Беисова Альфия, Едрес Салтанат, Ғабдімәлік Аружан, Женісбекқызы Шамсия, Кабенова Гулдана, Капанова Балсая, Капарова Мадина, Калиева Зарина, Көбетаева Назгүл жеңіп алды. Қалған қатысушылар номинациялар алды: "Ең шығармашылық ролик" – орыс бөлімінің "Дефектология" мамандығының 4 курс студенті Кузина Мария және орыс бөлімінің "Педагогика және психология" мамандығының 1 курс студенті Букина Анара; "Ең тапқыр ролик" - орыс бөлімінің "Психология" мамандығының 1 курс студенттері Жумагулова Камила, Султанова Марья және қазақ бөлімінің "Педагогика және психология", "Психология" мамандығының 1 курс студенттері Ермекбаева Элеонора, Темірбекқызы Арайлым, Шаржанова Баянсулу, Сатыбалдина Эльмира, Кабдулина Асыл, Қадыржан Мадияр, Испулов Саян; "Ең ерекше ролик" - орыс бөлімінің "Дефектология" мамандығының 3 курс студенттері Богданова Ангелина, Кайдаулова Алтынай, Чичугина Марина, Аббасова Регина, Тевс Анастасия, Бисахметова Асем, Скачкова Виктория, Шевченко Алина, Кенжегулова Айжан оқытушы О. В. Казаковамен бірге  және орыс бөлімінің "Психология" мамандығының 1 курс студенттері Нугжарова Аяна, Скибицкая Татьяна.

Барлық қатысушыларға грамоталар таратылды. Іс-шара жақсы әдістемелік деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау азаматтық-патриоттық тәрбиеге және «Мәңгілік ел!» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру тұрғысында студенттер үшін құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал етті.

Онлайн-конкурс

Онлайн-конкурс

Онлайн-конкурс

Онлайн-конкурс

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында қазіргі жастардың құндылықтар жүйесіндегі патриотизм!» роликтердің онлайн байқауы