Психология және дефектология кафедрасында «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу» әдістемелік семинары»

2020 жылдың 6 наурызында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасында «6В01901Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Әдістемелік семинарды өткізудің мақсаты: тәжірибе алмасу, білім сапасын арттыру, арнайы және инклюзивті білім беру саласында талап етілетін бәсекеге қабілетті түлекті дайындау үшін «6В01901 Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық процестің барлық мүдделі қатысушыларының (білім алушылар, жұмыс берушілер, стейкхолдерлер) бірлескен қызметін жандандыру.

Семинарға Қостанай қаласы мен Қостанай облысының білім алуда ерекше қажеттіліктері балалармен жұмыс істейтін жетекші мамандары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені» КММ директоры Данияров С.И., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ меңгерушісі Атыгаева Ж.Б., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебі» КММ директордың орынбасары Будиловская О.Ю., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған Қостанай арнайы мектебі» КММ мұғалім-дефектологы Кирилова Н.М., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ меңгерушісі Зарецкая О.В., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ меңгерушісі Садвокасова Ж.Б., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ психологы Нурпеисова А.А., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ логопеді Саденова Г.Ж., сонымен қатар Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары, «Арнайы педагогика (Дефектология)» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері қатысты.

Семинар аясында «Арнайы білім беру» бағыты бойынша жұмыс берушілердің мамандарға деген заманауи қажеттіліктері талқыланды. Семинарға қатысушылар ұсынылған тақырыпты талқылап, арнайы және инклюзивті білім беру мекемелері үшін «тар мамандану» (олигофренопедагог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог) мамандарын дайындау қажеттілігін атап өтті. «6В01901 Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ «Олигофренопедагогика», «Логопедия», «Сурдопедагогика», «Тифлопедагогика», «Арнайы психология» мамандандырулары бойынша жоғары оқу орнының түлектеріне дипломнан кейінгі білім беруді ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Кәсіби дайындық мәселелерін кеңінен талқылауға 2-3 курс дефектолог-студенттері қатысты, олардың пікірі «6В01901 Арнайы педагогика» жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту нәтижелерінде көрініс тапты.

Өзекті мәселелерді талқылау соңында барлық шақырылған қонақтарға алғыс хаттар табыс етілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Психология және дефектология кафедрасында «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу» әдістемелік семинары»