Ұстаздар Күні қарсаңында 2019 жылдың 1 қазаны күні психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Каирова Б.К. жетекшілігімен 1, 2 курс студенттері Психология және педагогика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Ұстаздарым – думан болсын әр күнің!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Педагогтарға алғыс сөздер, өлеңдер мен әндер айтылды. Мектеп өміріндегі қызықты конкурстар мен миниқойылым педагогтар мен студенттер үшін үлкен әсер қалдырды.

2019 жылдың 30 қыркүйегінде Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында студенттердің арасында «Отбасы – ырыстың ұйытқысы» атты ҚР «Отбасы күніне» арналған тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шара психология және педагогика факультетінің деканының орынбасары Алипбаева Г.А. және психология және дефектология кафедрасының оқытушысы Бегежанова Р.К. жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің психология және педагогика, жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, дене шынықтыру, спорт және туризм факультеттерінің мен филология департаментінің студенттері қатысты.

26.09.2019 ж. бұл жобаны іске асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің, педагогика кафедрасында ПОҚ–ның студенттермен кездесуі өтті. Педагогика кафедрасының компьютерлік-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жетпісбаева А.А. ұйымдастырған кездесуде, педагогока кафедрасының меңгерушісі Қалиев Д.Д., кафедра оқытушылары Абдиркенова А.Қ., Ақанбаев Б.Н. студенттерді «Медиа және журналистика», «Интернет психология», «Оқыту теориясы» т.б. сынды жаңа оқулықтармен таныстырды.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде "мамандықты таңдау" жобасын іске асыру бойынша "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" ММ-мен кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде 9 және 11 сынып оқушыларымен сырттан тыс іс-шара өткізілді. 

Жобаның мақсаты: жоғары оқу орындарында оқуды таңдауға баса назар аудара отырып, болашақ кәсіби қызметті таңдау бойынша оқушыларды кәсіби бағдар беру.

2019 жылдың 24-26 сәуірі аралығында И.С. Тургенев атындағы Орлов мемлекеттік университетінде педагогика және психология Институтында «Кіші мектеп жасындағы оқушы қазіргі заманауи ақпараттық кеңістігінде» атты бастауыш білім берудің теориясы мен әдістемесі бойынша қашықтықтан Жалпы ресейлік студенттік олимпиада (халықаралық қатысуымен) өтті. Олимпиаданың мақсаты талантты, шығармашылықпен ойлай білетін студенттерді анықтау, олардың кәсіби-тұлғалық және шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ету, білімалушылардың оқу және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын белсендіру болып табылады.

2019 жылғы 18-29 сәуірде Өскемен қаласының С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде 5В010100-"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиада болашақ тәрбиешелердің шығармашылық қабілеттерін, студенттердің кәсіби–педагогикалық іс-әрекетінде қажетті білім мен білік деңгейін анықтауға бағытталды.

«Педагогика және психология» мамандығында оқитын 1 курс студенттері мен топ жетекшісі Каирова Б.К.18 сәуір күні «Абайдың Қара сөздері Рухани жаңғыру бағдарламасының қайнар көзі»атты кураторлық сағат өткізді. Студенттер Абай атамыздың бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазып кеткен қара сөздеріндегі ұлттық болмысқа, ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қатар қойып арасындағы өзара үндестікті талдады.

2019 жылдың 10-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында педагогикалық ғылымдары бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Республикалық олимпиаданың мақсаты – ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындығын жетілдіру және қоғамдық сананы жаңарту жағдайында педагогика ғылымын дамытуды мақсат еткен талантты, жас педагог-зерттеушілерді анықтау.

12 сәуір 2019 жыл Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ педагогика кафедрасының апталығы аясында Гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна "Дефектология" мамандығының 2 курс студенттерімен "Білім берудегі Менеджмент" пәні бойынша "Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым-қатынастың ерекшеліктері" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Сабақта сыни ойлау стратегиялары қолданылды: "Кинометафора","Миға шабуыл", "SWOT - талдау", "Фишбоун", "Жұқа және қалың сұрақтар".

Педагогика кафедрасының апталығы аясында 2019 жылдың 12 сәуірінде «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «ҚжЭН», «Тарих» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді. Оқытушы студенттермен семинар барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті