2015 жылғы 11-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеу салтанаты өтті. «Қазақ елі» монументі жанындағы алаң үлкен бір этноауылға айналды. Алаңда Қазақстанның барлық аймақтарынан келген өкілдердің қатысуымен көпшілік серуені ұйымдастырылды

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Италияның Арко қаласында, жасанды бедерде спорттық өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионаты өткізілді. Бұл дүбірлі додаға жер шарының 51 елінен 14 пен 19 жас аралығындағы ең мықты деген 1159 жас өрмелеушілер қатысты.

Тамызда Павлодар қаласында, Қазақстан Республикалық ІV-ші Параолимпиадалық ойындары болып өтті. Жарысқа елдің барлық аймақтарынан 594 спортшы қатысты. Жүзу, пауэрлифтинг, оқ ату, жеңіл атлетика, волейбол, стол теннисі, коляскадағы би сияқты 7олимпиадалық спорт түрінен өткен бұл сайыста 424 медаль комплектісі бәйгеге тігілді.

Барлық замандарда да көше биі ең стильді және техникалық би өнері болып есептелген. Ол жағымды эмоцияның белсенділігін және сезім ырғақтарын дамытады, адамның өзін танытуының тамаша мүмкіндігін туғызады, көптеген стильдердің басын біріктіре отырып, көптің білетін билерінің өзгешелігін паш етеді.

2013 жылы 27-қазанда дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы Панияз Айнұр Паниязқызы «Тұңғыш Президент» күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты «Туризм» мамандығының 2 курс студенттеріне ашық кураторлық сабақ өткізді.

2013 жылы 21 қыркүйек күні Дене шынықтыру спорт және туризм факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген Денсаулық фестиваліне шетел тілдері факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.А. Бермухаметова мен студенттері белсенді түрде қатысып, волейболдан ІІІ орынға ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті