«Менің Отаным Қазақстан» туристік ән байқауы

2018 жылдың 23-27 қарашасы аралығында «Европа-Азия» халықаралық туристік студенттік фестиваль аясында «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында әуесқой туристік ән байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты - әуесқойлық (авторлық, бард) әндерін қазақстандық қоғамның кең ауқымында музыкалық және поэтикалық мәдениеттің бірегей құбылысы ретінде тарату. Байқау бірнеше кезеңде өткізілді: 1 кезең - қатысушыларды жабық тыңдау, іріктеу туры; 2 кезең - конкурстың финалы.

Конкурстың финалына ҚМПУ факультеттерінің вокалисттері, Қазпотребсоюздың жоғары экономикалық колледжі, құрылыс және медициналық колледждер, сондай-ақ Қостанай қаласының мектептері арасында өтті. Байқауға 19 қатысушы өтініш білдірді, оның ішінде номинациялар бойынша тек 9 финалист өздігінен жарысқа түсті: аспаптық гитарамен туристік ән байқауына 8 қатысушы қатысты; «Менің Отаным Қазақстан» номинациясында - 5 қатысушы.

Барлық жеңімпаздар ҚМПУ ректорының дипломымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Конкурстың абсолютті жеңімпазы - «Туризм» мамандығының 4 курс студенті Тлеуова Дияна, басқа санаттар бойынша келесі орындар болды:

«Менің Отаным Қазақстан» номинациясында:

  • 1 орын - Дарья Карахметченко
  • 2 орын - Заславская Анжелика
  • 3 орын - Беспалова Кристина

«Аспаптық сүйемелдеуімен (гитара) туристік ән» номинациясында

  • 1 орын - Тлеуова Дияна
  • 2 орын - Дарья Карахметченко
  • 3 орын - Беспалова Кристина

«Авторлық ән» номинациясы - Деветияров Григорий

«Көрермен көзайымы» номинациясы - Заславская Анжелика

«Жеңіске ұмтылу» номинациясы - Алматыдағы «Тұран» университетінің командасы

Сондай-ақ, байқаудың финалына шыққандар: Кужахметова Жамиля, Ламбрихт Таисия, Чеснокова Алина белсенді қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті «Менің Отаным Қазақстан» туристік ән байқауы