Жас ұрпақтың бойында патриотизмге деген сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында, 2018 жылы 15 наурызда тілдер дайындығының оқу-тәрбие орталығы, филология факультетінің аға оқытушылары Абишева С.К. және Сержан-Абдрахманова Ш.К. «Наурыз- бірліктің мерекесі» атты интеллектуалды ойының «Педагогика және Психология», «Дефектология» мамандықтарының 1 курс студенттерімен өткізді. Наурыз – көктемнің басы, табиғаттың оянуы. Бұл ұлы мереке халқымыздың өтіп бара жатқан ғасырлар бойы тамыры терең, бірлік пен береке, достық пен ынтымақтастықтын жаңа жыл мерекесі.

2018 жылдың 14 наурыз күні сағат 15:00 Қадыр Каримов шағын кешенді мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиетін шағын жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жұмыс беруші стейкхолдермен байланыс мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы, Қадыр Каримов орта мектебінің директоры Ибраева Салтанат Кенжеханқызы, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жұмашева Салкен Күлтайқызы және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, әдіскерлер пед.ғ.магистрі Алиева Дидар Алиаскаровна, гум.ғ.магистрі Абдрашева Алия Қажымұханқызы және 3 курс студенттері қатысты.

2018 жылы 26 ақпан күнінен 3 наурыз күніне дейін шетел тілі кафедрасының әдістемелік аптасы өткізілді. Тақырыбы: «Көптілдік білім беру жағдайында оқытудың инновациялық технология тәсілдерін қолдану». Іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде өткізілді. Іс-шараларды өткізу түрлері: байқау, ашық сабақ, дөңгелек үстел, мастер-класс, театральдік қойылым, интернет-байқау. Іс-шаралар түрлерін дайындау барысында қазіргі технологияларын қолданылды.

"Орыс тілі жəне адебиеті" мамандығының студенттері аймақтық мектептерде өндірістік тəжірибеден өтуде. Тəжірибе- ол өзіңді нағыз педагог ретінде сезінуге деген мүмкіндік, шынайы мүмкіндіктерді көру, өз білімің мен ептілігіңдегі мəселелерді түсіну. Ең үздік машықкер- студенттердің ішінде, Қостанай қаласындағы мектеп-лицейінен тəжірибеден өтуші Григорьева Н. Тəжірибе нəтижесі жайлы сұраққа студент, біліміңді ептілікпен ұштастырып, мектептегі тəжірибеде қолдана білу мүмкіндігі деп түсіндірді. Мұғалімдік мамандықтан көңіліңіз қалған жоқпа? Бұл сұраққа студент былай деп жауап берді: "Жоқ. Мұғалімнің жұмысы ауыр, бірақ қызықты əрі қажет".

Орыс тілі және орыс әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Пчелкина Т.Р мен Матершова А.И. жетекшілігімен Санкт-Петербург қаласында «Берегина» атындағы мектебімен келісім шартқа қол қоюы мен дайындығы аяқталды. Келісім шарттың мақсаты ғылыми ұйымды ұйымдастыру. Келісім шарт шеңберінде кафедра оқытушылары, студенттер, мектеп оқытушылары мен оқушылары арасындағы түлектер, оқу ісінің меңгерушісі Мальцева Е.Ю. қатысатын ортақ ғылыми жоба дайындалуда. Жоба орыс-қазақ әдеби байланыстарын дамытуға бағытталған.

2018 жылдың 26 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасының апталығы шеңберінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Барлығы үшін сізге алғыс...» тақырыбындағы шығармалардың интернет-сайысы өтті. Сайыстың мақсаты-жас ұрпақты рухани және жанұялық құндылықтарды, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қабілеттендіру, сондай-ақ, алдағы уақытта облыс пен қала аумағының білім беру мекемелерімен өзара біріккен қарым-қатынас орнату.

2018 жылдың 2 наурызында Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Ілияс әлемі» дәстүрлі республикалық студент-жастар фестивалі өткізілді. Фестиваль аясында І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин өмірлері мен әдеби мұраларын насихаттау мақсатында әртүрлі номинациялар бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Фестивальге қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Сейсембайдың жетекшілігімен барған студенттер жүлделі орындармен оралды.

2018 жылдың 2 наурызында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінде «Талантливый учитель – одаренным детям» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткен болатын. Олимпиаданын мақсаты – жас педагогтардың шығармашылық қабілеті мен өзін – өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау. Жас педагогтар өздерінің педагогикалық жобаларын ұсынып, өзін – өзі таныстырды, сонымен қатар педагогикалық тәжірибесі бар портфолионы ұсынды.

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жұмыс берушілермен байланыс бойынша 2018 жылы 01 наурызда Жаңартылған үлгідегі оқу жүйесі бойынша мектеп мұғалімдері 3 курс студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында коучинг өткізді. Коучингті Қостанай қаласы № 8 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыкова Әсел Дарияновна №1 Орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимова Эльмира Ерсалимовна және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері өткізді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1 наурыз күні  «Мейірімділік - асыл қасиет» деген тақырыпта кеш өткізілді.  Кеш барысында алғыс айту күніне орай студенттердің арнайы қойылымы көрсетілді.  Қойылым барысында, студенттер өз өнерлері арқылы мейірімділік пен адам бойындағы ізгі қасиеттерді  дәріптеді.  Студенттер атынан 3 курс студенті Жарбосина Махаббат Наурызбайқызы өзінің мақамды жырларымен ұстаздардың жүрегін елжіретті. Актер студентіміз Даулетхан Айбарыс өз шығармашылығынан жыр шумақтарын ұсынды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті