Ұстаз – ұлағатты есім. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаз еңбегін елемеу – қасиетсіздік. Қазақстанда бұл мереке қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі. Филология факультетінде де бұл мереке елеусіз қалған жоқ. Қазан айының 5-күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен ұлағатты ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен қарашаның үші күні көрнекті ақын, жазушы, әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық рухани құндылық: Қазіргі замандағы көркем сөздің жан дүниені жанартудағы ықпалы» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция мақсаты Қ.Жармағанбетовтың әдеби-зерттеу туындыларының, көркем мұраларының жан дүниені жаңартудағы ықпалын таныту.

2018 жылдың 27 қыркүйегі күні филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен "Жастар шығармашылығын дамыту мен қолдау – рухани жаңғыру негізі" тақырыбында облыстық "Қостанай таңы" газетінің редакция ұжымымен кездесу болып өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды шығармашылыққа баулу, жергілікті баспасөзбен шығармашылық байланыс орнату, қоғамдық сананы жаңғырта отырып, белсенділіктерін арттыру.

2018 жылдың 20 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана - бейбітшілік бесігі» - атты тақырыпта жалпықазақстандық ашық диктант жаздыру акциясы болып өтті. Диктанттың негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік тілде сауаттылығын арттыру, патриотизм мен ел бірлігін нығайту. Бұл аталған шараға 5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері қатысты.

Қыркүйектің тоғызыншы жұлдызында ұлы орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың 190 жылдығы болды. 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының жазушымен аттас кітапханасында осы күнге арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері қонақ ретінде шақыртылды. Іс-шараның мақсаты: жас оқырмандарға Толстой шығармашылығын жан-жақтылығы үшін, ойының кеңдігі үшін, терең философиялық өміршеңдігі үшін құрмет тұратындығын және жақсы көретіндігін көрсету болды. Лев Николаевич және оның жарқын, құнды тағдыры жайында көп айтылды А.М Горький айтқандай: «Толстой-ол толық әлем».

4 маусымнан 15 маусым 2018 жылы аралықтарында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған.

29 мамырда Көптілділік орталығында түрлі деңгейде тіл үйрену курстарында сертификат тапсыру өтті. 2017-2018 оқу жылында ҚМПУ оқытушылары, қызметкерлер мен студенттері үнемі ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Оқу кезінде тыңдаушылар түрлі әдістермен оқып, жаңа білім алып, оларды өз мамандықтарында пайдаланатын болды, сол сияқты ағылшын тілін коммуникация тілі ретінде пайдаланып, өздерін еркін сезінді.

2018 жылы «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент» жобасы болып өтті. Жоба аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің 1-ші кітап жинағына енгені үшін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультеті «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Данияр Ихсан Алғыс хатпен марапатталды.

26 сәуір күні «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері, ФГБОУ ВО "Челябі мемлекеттік университет" Қостанайлық филиалы студенттері, және мектеп оқушылары арасында «ХХI ғасыр жастары мен ғылым» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. 5 бөліміне 45 адам қатысты. Қазіргі әдебиет тенденциясы, оны мектепте оқыту мәселесіне байланысты қызу әңгіме «Қазіргі әдебиет» бөліміндеболып өтті (Бөлімнің жетекшісі Пчелкина Т.Р., ф.ғ.к.).

2018 жылдың 26 сәуірінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің экономикалық факультетінің базасында «Оқу үдерісіндегі сандық теңдеу: теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл шараның модераторы Н.Т. Сартанова экономика ғылымдарының кандидаты, ҚМУ қаржы және банк ісі кафедрасының доценті. Дөңгелек үстелде қатысушылар: Экономика факультетінің оқытушылары мен студенттері.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті