2018 жылдың 29-31 қазаны аралығында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы мен «Қостанай әкімдігінің физика-математикалық лицейі» ММ-нің ынтымақтастығы аясында ҚМПУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Т.Р. Пчелкина «Мектептегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында практикалық семинарын өткізді. Семинар барысында оқушы жобаларының типтік қателіктері, өзекті мәселелерді таңдау, зерттеудің жаңалығын негіздеу, әдістерді таңдау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу мәселелері талқыланды.

2018 жылдың 25-27 қазан аралығында Зеренді ауылында (Көкшетау қаласынан 50 шақырым жерде) "Aurora Garden" демалыс орталығы базасында жастармен жұмыс әлеуетін арттыруға бағытталған өңірлік тренингтер өтті. Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банктің гранттық қолдауымен "Жастар саясатын іске асыру бөлігінде ҚР БҒМ институционалдық дамуын қолдау" (Zhas project) жастар корпусын дамыту жобасының екінші компоненті шеңберінде, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы қоғам өміріне жастардың тартылуын ынталандыру және өмірлік маңызды дағдыларды дамыту мақсатында іске асырылады.

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «English for Zhastar» жобасының шеңберінде 2018 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінен еріктілер ауылға жіберілді. 2018 жылғы 20 қыркүйекте конференциядан кейін студенттер «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасымен бірге аудандарға аттанды. Студенттерге ағылшын тілі сабақтарын өткізуге арналған арнайы бөлме бөлінді. Бірінші күні тіл үйрену деңгейін анықтау үшін студенттер онлайн тестілеу өткізді. Әрбір студентке 20-25 оқушыдан 2 топ (бастауыш және орта аралық) берілді.

Қазіргі заман талабына сай жастардың саналы түрде мамандықты дұрыс таңдауы басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары ағымдағы жылдың 23-25 қазаны аралығында мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында облыс аймақтарына барды. Кафедра оқытушылары Г.А. Сейсембай мен Т.Т. Сейсембай Таран ауданы және Рудный қаласы, Б.Б. Есенғазина мен А.Қ. Абдрашева Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарындағы мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

2018 жылдың 25 қазанында филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенттері мен шет тілдер кафедрасының оқытушысы Жаукина С.А. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай қаласының арнайы кешені» КММ барды. Мектеп оқушылары мен студенттер бірлесіп «Үш тілділік әлемінде» тақырыбында ақпараттық стенд жасауды ұйымдастырды. Студенттер осы тақырып бойынша балаларға арнап өте қызықты және пайдалы материалдар дайындапты.

2018 жылдың 20 қазанында филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова К.Қ. Қазақстан-Қостанай ұлттық телеарнасының тілшілеріне латын әліпбиінің ереже, емлелеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбаттың мақсаты - латын графикасына негізделген әліпбиге көшу барысынан хабардар ету. Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу бағытын жүзеге асыру мақсатында өте ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасаған жобасы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын талқылау жұмыстары Қостанайда жалғасуда. Жолдауды талқылауға университетіміздің оқытушылары да үлес қосып жүр, соның бірі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы.

2018 жылдың 18 қазанында филология факультетінің студенттері «Тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау  «Yмiт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-сі мен бірлесе өткізген «Жастар ортасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымына қатысты.

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2018 жылғы 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында өткізілген ақпараттық-насихаттау шарасына қатысты.

2018 жылдың 11 қазанында шетел тілдері кафедрасы Kundelik.kz электрондық журналдар мен күнделіктерінің бірыңғай жүйесі бойынша тренинг ұйымдастырды. Тренингке 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011800 - «Орыс тілі және әдебиеті», 5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандықтарының 3-4 курс студенттері қатысты. М. Қозыбаев атындағы №23-ші орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі - Ажиниязова Жанна Мұратқызыспикер ретіндеқатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті