Наурыз айының 27 күні білім мекемелерінің оқытушыларына және мұғалімдерге арналған дөнгелек үстел мен облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы. 13.00 – конференцияға қатысушыларды тіркеу 13.15 – конференцияның салтанатты ашылуы. ҚМПИ-ның Ректоры Қ.М. Баймырзаевтың құттықтау сөзі. 13.25 – ғылыми жұмыстар және шетел байланыстары Проректоры Е.А. Әбілдің құттықтау сөзі. 13.35 – ШТФ деканы, ф.ғ.к., ВАК доценті Е.Л. Дорошоктың «Интерактивті технологиялар арқылы шетел тілдеріне оқыту» баяндамасы. Қосымша баяндамашы тәжірибелік лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М.Д. Жұмашев

Жер Ана үш ай бойы жамылған қалың тонын шешіп, күннің шуағына шомылған табиғаттың көрінісі, көктемнің ескен самал желі адам жанына шуақ сыйлайды. Дархан дала қалың ұйқыдан оянып жаңа тіршілік басталды. Осындай көктемнің жайма шуақ күнінде барша мұсылман қауымның тойлайтын Наурыз мейрамы біздің қара шаңырағымызда да тойланып өтті. Жыл басында өз еншісін алып қара шаңырақ болған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтытының қазақ және орыс филологиясы факультеті құрылғалы біршама игі іс-шаралар аталып өтті.

19 наурызда Шетел тілдері факультетінде «Наурыз мейрамына» арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекеде би биленіп, өлендер айтылды және де қазақ халқының «Қыз ұзату дәстүрі» көрсетілді. Наурыз көжеден дәм татуға: Оқу және әдістеме жұмысының проректоры М.Ә. Төлеген, ғылыми жұмыс және шетелдермен байланыстар проректоры Е.А. Әбіл, Б. Калиев, С.А. Жакаева, Морокодан келген қонақ Закария Тамми, факультет деканы Е.Л. Дорошок, кафедра меңгерушісі М.И. Кудрицкая,К.Т. Нурмухаметова, оқытушылар және студенттер. Сонымен қоса бәйшешектер мен эссе сайысы жарияланды. 36 АО тобы бәйшешектер сайысынан 1 жүлделі орынға ие болды ал, ең үздік эссе грамотасымен ШТФ 3 курс студенті Аяна Мукужанова марапатталды.

Шын жүректен ҚМПИ оқытушылары мен студенттерін Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Франкотілдік әлем елдерінің қызметкерлерінің халықарылық ұйымы – франкофония (фр. LaFrancophonie). Ұжымға кіру үшін ең бастысы француз тілін жетік меңгеруде емес, мыңдаған жылдар бойы құрылған францияның мәдениеттік байланысы маңыздырақ. 1970 жылыдан бері франкофония тіршілік етуде. Ұйымның ұраны ретіндще «Теңдік, бірін-бірі толықтыру, ынтымақтастық» деген француз нақыл сөзі қызмет етеді. (фр. égalite complémentarité solidarité).

2013 жылы 6 наурызда Шетел тілдері факультетінің 3 курс студенттері «Дельфин» балалар үйіне барды. Студенттер кішкене көрермендерге «Маша және Аю» мультфильімінен көрініс қойды. Балалармен қызықты ойындар жүргізілді. Акцияны ұйымдастырушылар жиналған ақшаға балаларға тәттілер, шырын және сыйлықтар алды. Ал балалар қонақтарға өз билерін тарту етті.

2013 жылдың 5 наурызында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор М. С. Серғалиевтің 75 жылдығына арналған «М.Серғалиев сабақтары – 2013» аясында өткізілген студенттердің «Тіл мен әдебиет теориясы, стилистика, көркем мәтін» атты республикалық ғылыми–теориялық конференциясына қатысып, баянадама жасағаны үшін қазақ және орыс филологиясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Жарылқасынова Гулзат және 2 курс студенті Тәуекелова Айнұрға сертификат табысталды. Сонымен қатар студенттердің ғылыми еңбектері жоба материалдары топтастырылған жинаққа шықты. Гулзат пен Айнұрдың ғылыми еңбектерінің жарыққа шығуына ықпал еткен ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Қанапина Сәуле Ғалымбекқызы болатын.

Наурыздың бірінші жұлдызында қазақ және орыс филологиясы факультетінде студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ғылыми – практикалық конференция өтті. Конференцияға студенттер 3 секция бойынша қатысты. Олар: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі секциялары. Қазақ тілі секциялары бойынша 8 студент, қазақ әдебиеті секциясы бойынша 9 студент, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесі секциясы бойынша 7 студент қатысты. Студенттердің ізденістерін бағалай келе ұстаздар қауымы әділ шешім қабылдап, студенттерді І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады.

2013 жылдың 1 наурызында «Қыз Жібек Отауы» атты әйелдер клубы студенттерге және оқытушыларға облыстық наркологиялық диспансерының психологы, «Юные Лидеры Костанайя» бірлестігінің басқарушысы Бисембаева Гүлсім Айтжановамен кездесуді ұйымдастырды. «Отбасы – тірі ағза және бұл ағза әрдайым өзгеріп отырады» - Гүлсім Айтжановна отбасылық өмір жайлы, оның мақсаты мен маңызы жайлы атып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Институттың, облысымыздың, еліміздің келбеті – біздің студенттер! Деген сөздер Шетел тілдері факультетінің ұранына айналды. 2013жылы 28 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінде Шетел тілдері факультеті ашылды. Соған байланысты студенттер іс-шара ұйымдастырды. Факультет деканы Е.Л. Дорошок ШТФ студенттерін құттықтады және барлық белсенді және таланты студенттерге алғыс хат берді.

Құрметті талапкерлер! Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының шетел тілдер факультеті көп мәдениетті білім алуға сіздерді шақырады! Факультеттерге кіретіндер: Ағылшын бөлімі 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» (ағылшын тілі және екінші тіл таңдау бойынша; француз, неміс тілдері) мамандығы

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті