2018 жылдың 4 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында аға оқытушылар С. Б. Арсаева мен Л. А. Конвисарова "Жаңартылған білім беру жағдайында оқу үдерісін қарқындату" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: оқытушылар мен студенттерді жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру және жаңартылған білім беру мазмұнының аясында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

2018 жылдың 21 қарашасы күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Мақсаты: биылғы жылы мерейтойлары аталып өткен әдебиет өкілдерінің шығармаларын насихаттау, студент қауымын шығармашылыққа баулу. Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1-3 курс студенттері қатысты.

2018 жылдың 20-шы қараша күні Американдық бұрыштама филология факультетінің шет тілдер кафедрасының оқытушыларымен бірге 2 және 3 курс студенттері арасында «Spelling Bee» байқауын өткізді. Байқаудың негізгі ережесі сөздерді әріптеп дұрыс айту. Студентке кез-келген бір сөз беріледі, сол сөзді студент әріптеп, дұрыс айтуы керек. Студенттің қателесуге немесе өз қатесін түзетуге құқығы жоқ. Бірақ байқау барысында сөзді қайталап айтуын, сөздің анықтамасын, осы сөзбен берілген сөйлемді немесе аудармасын сұрауға мүмкіндігі бар.

2018 жылдың 16 қараша күні филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары мен мамандық студентері Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Жундибаева Арай Қанапияқызымен кездесті. Кездесудің мақсаты озық ойлы ғұлама, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ақынның әдеби-философиялық мұраларымен таныстыру және академиялық ұтқырлық туралы ақпарат беру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2018 жылдың 14 қарашасы күні сағат 11.00-де өткізілген жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасына Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысты.

2018 жылғы 1- 15 қараша аралығында филология факультеттінде көптілділік орталығында «Туған жер» шығармасы интернет – байқауы ұлттық бағдарлама «Рухани жаңғыру» аясында өтті. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданды. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: студенттердің өз отанына құрметтпен қарау, патриоттық сезімге тәрбиелеу, сондай-ақ, лингвистикалық сананың дамуы негізінде мемлекеттік тілмен қатар, ана тілі мен шет тілін меңгеру. Байқау қатысушылары туған жерге деген ұлы сүйіспеншілік пен ыстық ықыласпен шығармалар дайындады.

14 қараша 2018 жылы Л. Н. Толстой атындағы кітапханада «Екі жүз жыл өтті..» осы сөздермен кеш басталды, 9 қарашада орыс жазушысы, ақын, махаббат тақырыбы мен орыс табиғатының жыршысы Иван Сергеевич Тургеневтің туғанына 200 жыл толды. Оған "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері шақырылды. Қатысушылар мектеп оқулықтарынан таба алмайтын еркін әңгіме түрінде жүргізді: Тургеневтің ерекшеліктері оның шығармаларында, тек жазушы ретінде ғана емес, және жеке тұлға, азамат ретінде, тереңдік туралы жасырылған.

09.11.2018 ж. Жаратылыстану-математика факультеті, «Химия» мамандығының 3-курс студенттері ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандитаты, профессор Серікбай Оспановпен «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясындағы «Алтынсарин әлемі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кеште ақын ағамыз студенттерге «Алтынсарин және оның мұраларын зерттеу» туралы біраз ақпарат беріп, өзінің көптеген жаңалықтарымен бөлісіп, студенттерді айтарлықтай таңқалдырды. Сонымен қоса, студенттер тарапынан ақын ағамызға: «Бізге қызық… Сіздің ойыңызша ақындық өмір, ақындық әлем қандай өмір, оның қыры мен сыры неде? Сізге осы өмір несімен ұнайды?», «Осы өмір жолыңыздан түйіп, түсінгеніңіз көп те шығар... Алайда өзіңіздің жүрегіңіз бағынатын, өмірлік ұстанымыңыз қандай?» деген біршама қызықты да, мәнді-мағыналы сұрақтар қойылды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Т.Р. Пчелкина мен Д.А. Исина "1-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардыңбайқауы"республикалық байқауыдың облыстық кезеңіне қазылар мүшесі ретінде ат салысты. Байқау 9 қарашада кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

2018 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің қызметкерлері филология факультетінің оқытушылары және студенттерімен бірлесіп «Студенттердің адамгершілік құндылықтарын жаңғырту» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы “Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек,”-деген мәселе төңірегінде әңгіме өрбіді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті