2019 жылдың 28 ақпанында филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті қафедрасының ұйымдастыруымен «Сапалы білім бізден - таңдау сізден» атты ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнін кафедра оқытушылары Д.А.Алиева, Г.А. Сейсембай және ІІІ курс студенттері өткізді. «Сапалы білім бізден – таңдау сізден» тақырыбындағы ашық есік күніне мектеп түлектерімен бірге гуманитарлық колледждің бітіруші студенттері қатысқан іс- шарада «қазақ тілі мен әдебиеті» және «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарын толық таныстырып, жалпы мамандық туралы мәліметтерден хабардар етті.

27.02.19 ж Облыстық телерадио корпорациясы «Ақ орамал» бағдаламасының «Амал немесе көрісу мейрамы қалай тойланады?» тақырыбында өткізілген кезекті көрсетіліміне филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.А. Алиева және қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІІІ курс студенттері сонымен қатар бұл дәстүрден хабардар аға- апаларымыз сондай-ақ осы мейрам толығымен сақталған Батыс өңірінің тумаларының қатысумен өтті. Бағдарламада тақырыпқа байланысты көптеген мәліметтер ортаға салынып, көрісу, амал дәстүрі туралы қажетті ойларымен бөлісті.

2019 жылы 22 ақпанда У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде «Математика», «География», «Дефектология» мамандықтарының 1-ші курс студенттерімен (45 адам) дің мәселелерін зерттеу орталығының өкілі Д. А. Дисюков пен кездесу өтті. Әңгіме филология факультетінің тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығымен бірлесе отырып өткізілді. Кездесудің мақсаты – діни радикализмнің алдын алу және жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейту.

Филология факультетінің шетел тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік апталығы аясында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері Қостанай және Астана қалаларында «Edukey» білім беру орталықтары желісінің құрылтайшысы Төлеш Мағзуммен кездесті. Студенттер Қостанай және Астана қаласындағы «Edukey» білім беру орталығында білім беру болашағы мен бос жұмыс орындары туралы білді. Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері үшін жаңа бағыттар бойынша білім алуға арнайы жағдай жасалған.

2018 жылдың 16 қарашасында Үкімет Қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілді. Осыған орай 2019 жылдың 20 ақпанында кафедраның оқу-әдістемелік апталығы аясында "Шетел тілі: екі шетел тілі", "Қазақ тілі және әдебиеті", "Тарих" мамандықтарының 1-3 курс студенттері "Өмірзақ Сұлтанғазиннің тағдыр жолы" атты фильмін тамашалады. Өмірзақ Махмұтұлы математик, ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры болды.

2019 жылдың 15-17 ақпан күндері Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде "KGU CUP XIII"атты дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Турнирді Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен "Ахмет Ұрпақтары"дебат клубы ұйымдастырды. Турнир жартылай финалға, финалға, сондай-ақ, жастардың финалына шығатын 5 іріктеу кезеңінен өтті. Турнирге барлығы 48 команда қатысты. Ағылшын тіліндегі пікірталасқа У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультеті шетел тілдері кафедрасының студенттері: Темірханова Диана (2 курс), Темірбекова Аружан (1 курс) және Уткельбаев Жәнібек (4 курс) қатысты.

Шетел тілдері кафедрасында 18 ақпан күні кафедраның әдістемелік апталығы аясында "ағылшын тілінде ЕНН циклінің пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту" атты мастер-класс өтті. «Ағылшынтілі «белгісіз», оған кезкелген мектеп пәндерін бейімдеуге болады»,-депес ептейді Виктория Данилова Ө. Сұлтанғазинатындагы КМПУ философия докторы (PhD), п.ғ. к., педагогика және психология магистрі, шеттілдер кафедрасының аға оқытушысы Қостанай облысында өтіпжатқан «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам» атты онкүндікте Виктория Данилова физика, химия, биология және информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшынтілінде ЖҒБ циклінің пәндерін оқытуда сынитұрғыдан ойлауды дамыту» атты мастер-класс өткізді.

15.02.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінде «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинеті ашылды. Кабинет жаңа қазақ әліпбиін көпшілікке үйретуде, қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіруде  әдістемелік көмек көрсетеді, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысады. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Әдебиет зерттеушісі, ақын, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына байланысты 13 ақпан күні филология факультетінің декан орынбасары Шошақова Жанар Қарасынқызының ұйымдастырыуымен « Әбділда Тәжібаев - сыршыл, лирик ақын» атты  кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 2 курс студенттерінің қатысуымен өткен бұл танымдық сағатта жас өрендер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы біраз мәлемет алып, толық қанды таныс болды.

2019 жылы 12 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ұйымдастыруымен облыстық «Үштілділік – болашаққа сенімді қадам!» атты онкүндігі шеңберінде «Үштілді білім беру: 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азаматтыққа жақындау» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ оқытушылары, облыстың жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті