Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы

2019 жылы 3 желтоқсанда филология департаменті (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау) білім беру бағдарламасының апталығы аясында «Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Мақсаты – 3-4 курс студенттеріне кәсіби тәжірибе алдында бағыт- бағдар беру, мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу. Семинарға Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Салыкова Асель Дарияновна және Ержанова Махаббат Маратовна, С.Мәуленов атындағы гимназиясының тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Міркемел Айнұр Мұратқызы, №11 орта мектебінің педагог-эксперті Құрманова Айғаным Мейрамбекқызы қатысты.

Мектеп мұғалімдері болашақ әріптестеріне жаңартылған білім берудің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, критериалды бағалау ерекшелігін, қысқа мерзімді жоспар жасаудың әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Сабақ өткізу барысында қолданылатын тиімді әрі белсенді әдіс-тәсілдермен таныстырды. Сол әдістердің іс-тәжірибеде қолданылуын да көрсетті. Әдістемелік семинар барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Семинар соңында департамент басшысы Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы келген педагогтарға алғыс айтып, сертификат табыстады.

03 12 2019

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы