Жаңа емле – жаңа дәуір

20.11.2019. Пушкин атындағы кітапханада Қостанай қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас мамандары Мадиярова Қарлығаш Хамзановна мен Жұмасаева Зинагул Сағындықовнаның ұйымдастыруымен «Жаңа емле – жаңа дәуір» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қостанай облысы білім беру мекемелерінің латын графикалы жаңа әліпбиге көшу жайы, оны оқытудың өзекті мәселелері туралы проблемалар көтерілді.

Осы мәселелер бойынша Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Ә Бимағанбетов, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.М. Талапова, Білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі Ж.Х. Ташетова, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, Филология департаменті Білім беру бағдарламасының жетекшісі Т.Т.Сейсембай ойларын ортаға салып, проблеманы шешу жолдарын талдады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз