Жазғы тіл мектебі

2019 жылығы 17 маусымнан 25 маусым аралықғында филология факультетінде Көптілділік орталығында жазғы тіл мектебі жұмыс істеді. Жазғы мектеп шеңберінде ҚМПУ 30 оқытушысы және қызметкерлері ағылшын тілінен деңгейін тілдік ортада арттыра алды. Күн сайын сабақтар компьютерлік технологияларды және оқытудың инновациялық әдісін пайдаланумен өтті. Мектеп бағдарламасы әртүрлі болып, тілді пысықтаумен мамандық дағдыны қалыптастыру, ой - өрісін кеңейтуге, сол сияқты ағылшын тілді елдер туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Қызықты сабақтар еркін атмосферада тілдік ортаға еніп, ағылшын тілін үйренуде жақсы нәтиже алуға мүмкіндік берді.

Аталмыш мектепте Көптілділік орталығының мамандары мен филология факультетінің оқытушылары: тілдік дайындық оқу-тәрбие орталығының аға оқытушысы К.С.Құсқадамова, Көптілділік орталығының басшысы Е.С.Иванова , шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Асанова А.Б. сабақ жүргізді. Мектептің аяқталуы кезінде жазғы тілдік мектепті табысты аяқтағандарға сертификат беру рәсімі өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз