Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны

2019 жылдың 24 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің 1-2 курс студентеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру болды.

Аталған шараға Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Бимағанбетов, латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембай қатысты. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Міркемел тыңдаушыларды латын графикасына негізделген қазақ тілінің емле ережесімен, оның негізгі ерекшеліктерімен таныстырды. Т.Т.Сейсембай білім беру саласының барлық деңгейлері бойынша 2025 жылға дейін латын графикалы жаңа әліпбиге көшу кестесі туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, түсіндіру жұмысынан кейін ауызша, жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың алған білімдерін бекіту жұмыстарын жүргізді. Студенттердің оқытушы ұсынған мәтінді латын графикасымен оқуы, олардың тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны