Кәсіби тәжірибе – мамандыққа бағыт

2019 жылдың 29 наурызы күні филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4 курс студенттерінің өндірістік практикасының қорытынды конференциясы болып өтті.

Қорытынды конференцияның басты мақсаты: 4 курс студенттерінің өндірістік кәсіби іс-тәжірибе бойынша есептерін, ұсыныстарын тыңдау, ой бөлісу, практиканы жетілдірудің жолдарын талқылау.

Конференция барысында студенттер алған тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды практика нәтижесімен таныстырды. Іс-шараға мектеп мұғалімдері, кафедра оқытушылары, 3 курс студенттері қатысты.

Сәкен Жазира, Аманбек Аққозы, Жақсалыкова Сара Назарбаев зияткерлік мектебінде алған тәжірибелерімен бөлісіп, мектептің өзіндік ерекшеліктері, өз тараптарынан қолданылған инновациялық әдістер туралы қызықты баяндады.

Қалжан Аружан мен Базарбаева Назерке жаңартылған білім бағдарламасымен оқытудың қиындықтары мен жеткен жетістіктеріне тоқталып, келер жылы кәсіби іс-тәжірибеден өтетін 3 курс студенттеріне қажетті кеңестер берді.

Жұмабай Жанар және Дарханова Аягөз машықтану барысында қолданған әдіс-тәсілдерді, топтық жұмыстардың тиімділігін сараптады. Серікбаева Ақниет сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнымен таныстырып, оларды ұйымдастыру жолдарына тоқталды.

Конференция соңында №115 орта мектебінің ұстаздары Хамзина Айман Жумагазовна мен Сыздықова Даржан Жумагазиевнаға факультет деканының атынан алғысхаттар тапсырылды. Студенттер де мектептер тарапынан мадақтама қағаздармен, алғысхаттармен марапатталды.

Сейсембай Г.А.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті Кәсіби тәжірибе – мамандыққа бағыт