"Zhas project" шеңберіндегі ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері»

2018 жылдың 25-27 қазан аралығында Зеренді ауылында (Көкшетау қаласынан 50 шақырым жерде) "Aurora Garden" демалыс орталығы базасында жастармен жұмыс әлеуетін арттыруға бағытталған өңірлік тренингтер өтті. Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банктің гранттық қолдауымен "Жастар саясатын іске асыру бөлігінде ҚР БҒМ институционалдық дамуын қолдау" (Zhas project) жастар корпусын дамыту жобасының екінші компоненті шеңберінде, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы қоғам өміріне жастардың тартылуын ынталандыру және өмірлік маңызды дағдыларды дамыту мақсатында іске асырылады.

Жоба принциптерінің бірі жастардың позитивтік дамуын мойындау, сондай-ақ қоғам өміріндегі жастардың белсенді өмірлік жағдайын қалыптастыру үшін қосымша мүмкіндіктер беру болып табылады.

Тренинг жастар саясаты мәселелері басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жастар ресурстық орталығымен тікелей жұмысты қолдайтын және қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын, білім басқармасының өкілдеріне бағытталған.

Біздің ЖОО-нан тренингтерге қатысқан жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Бірімжанова Қарлығаш Серікқызы, жастармен жұмыс бойынша барынша толық және өзекті ақпаратты алу ғана емес, бірегей мүмкіндік берілген және жаңа танысулар мен іскерлік байланыстармен таныс болды, сондай-ақ көшбасшылар командасындағы ынтымақтастық пен шығармашылық атмосферасына енді.

Үш күндік тренинг: әртүрлі секторлардың тығыз өзара іс-қимылын талап ететін жергілікті жерлердегі жастардың мәселелері, жергілікті атқарушы органдардың жастармен жұмыс жөніндегі миссиясы: жастар жұмысы, жұмыспен қамту, білім, кәсіпкерлік; келіссөздер шешім қабылдау құралы ретінде; жастардың әлеуметтік осал топтары; жобаны жоспарлау және басқару және жобаны әзірлеу және таныстыру бойынша тәжірибелік бөлім модульдерінен тұрды.

Жаттықтырушылар ретінде "Бизнес және шешендік шеберлік академиясының" жетекшісі және негізін қалаушы Данил Файзуллаев, Мәскеу риторика және шешендік шеберлік университетінің жетекші жаттықтырушы-лицензиаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық жаттықтырушылар пулының мүшесі, коуч басшылары және алғашқы тұлғалары; коуч, бизнес-жаттықтырушы Айнұр Қалмағамбетова сөз сөйледі, Кеңесшілер ретінде – "жастар қызметкерлерінің қауымдастығы"қоғамдық бірлестігі болды.

Осы тренингтер сериясын өткізу жастардың әлеуетін дамытуға бағытталған жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарының тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының бастауы болады.

Іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Department of Philology "Zhas project" шеңберіндегі ынтымақтастық пен дамудың жаңа мүмкіндіктері»