«English for Zhastar» жобасында ерікті болғаныма бір ай болды

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «English for Zhastar» жобасының шеңберінде 2018 жылы Қазақстанның түрлі өңірлерінен еріктілер ауылға жіберілді. 2018 жылғы 20 қыркүйекте конференциядан кейін студенттер «Нұр Отан» партиясының бірінші төрағасымен бірге аудандарға аттанды.

Студенттерге ағылшын тілі сабақтарын өткізуге арналған арнайы бөлме бөлінді. Бірінші күні тіл үйрену деңгейін анықтау үшін студенттер онлайн тестілеу өткізді. Әрбір студентке 20-25 оқушыдан 2 топ (бастауыш және орта аралық) берілді. «Болашақ» жобасына арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған топта күнделікті 2 сағат сабақ NIS оқулықтары негізінде жүргізіледі. Қазіргі уақытта жобаның мақсаттарын іске асыруға алдыңғы қатарлы деңгейде ағылшын тілін меңгерген 141 маман қатысады.

Осы жобада филология факультетінің 5 студенті: Алексеева Дарья Евгеньевна, Уканова Алина Ерікқызы, Мейірманова Аягөз Мырзабекқызы, Тұрарова Ақжан Бауыржанқызы, Абдрахманова Мадина Манаровна өз үлестерін қосуда.

Алексеева Дария өзінің әсерімен бөлісті:

«Мен осы жобаның еріктілерінің бірімін. Біздің міндетіміз қандай? Ең алдымен, қатысушыларға тілдік кедергілерді еңсеруге және сөйлеу тілін үйренуге көмектесу. Тілдің белгілі бір қиындықтары бар екендігі құпия емес, әсіресе ауылдық жерлерде мұғалімдер жеткіліксіз, ал шет тілін үйренуге дайын адамдардың саны жеткілікті, сондықтан бұл қатысушылар үшін керемет мүмкіндік. Балалар өздерінің сөздік қорларын толықтыра алады, шет тілінде сөйлеуге ұялуды қояды жаңа және қызықты нәрселерді үйренеді. Ал еріктілер үшін - өз білімін тәжірибе жүзінде қолдануға, оларды нығайтуға және жаңа тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады.

Жобадағы сабақтар қалай өткізілуде? Қызықты және өнімді! Қатысушылар ақпараттарды жақсы қабылдайды, талқылауға белсенді қатысады. Менің байқағаным қатысушылар жаңа сөздер мен ақпараттарды ойын түрінде өткізілген сабақта жақсы есте сақтайды.

Ауыл мектебінде балалармен жұмыс істегенді ұнатамын ба? Ия. Балалар өте белсенді, сабаққа қатсуды ұнатады және оларға берілген барлық тапсырмаларды сөзсіз орындауға тырысады».

Алексеева Дарья, Уканова Алина

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология факультеті «English for Zhastar» жобасында ерікті болғаныма бір ай болды