«Жаста арасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымы

2018 жылдың 18 қазанында филология факультетінің студенттері «Тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау  «Yмiт-Надежда» қоғамдық бірлестігі мен «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-сі мен бірлесе өткізген «Жастар ортасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымына қатысты.

Жобаның мақсаты: адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) позитивті бейнесінің өсірін, отбасы мәртебесін көтеру, жастар арасында отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалар мен еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсету және кеңінен насихаттау.

«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы – Елубай Айна Ермекқызы сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларды келесі жылға арналған жобаның іске асырылуы, әкелер мен аналар мектептерінің ашылуы туралы хабардар етті.

Тыңдау барысында "Ең үздік отбасы" байқауына қатысушылар отбасы құндылықтары, отбасының адам өміріндегі маңыздылығы, отбасының жетістіктері туралы айтты.

Қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар аналарға арнап мектеп ашуды ұсынды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Department of Philology «Жаста арасында, жас отбасын қолдауға, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар комплексін өткізу» жобасын жүзеге асырудың қоғамдық тыңдалымы