Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау

Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2018 жылғы 12 қазан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау» тақырыбында өткізілген ақпараттық-насихаттау шарасына қатысты.

Шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру. Сонымен қатар жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіру, емледегі басты жаңалықтармен бөлісіп, көпшілік қауым арасында ғылыми-танымдық көзқарас қалыптастыру.

Шараға студенттер, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен тілтанушы ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының аға оқытушысы
Сейсембай Т.Т.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Department of Philology Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау