Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау

Дипломдық жұмыс – бұл студенттің міндетті аттестаттық сынағы, жоғары білім беру бағдарламасының түлегі оқудың барлық жылдарында меңгерген білім көрсеткіші. 

2020 жылдың 1-3 маусым аралығында «5B011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының бітіруші курс студенттері дипломдық жұмыстарын қорғады.

Күндізгі, күндізгі қысқартылған, күндізгі қашықтықтан, қашықтықтан оқыту нысанындағы түлектер мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшелеріне өздерінің ғылыми ізденістерін ұсынды, ғылыми салада даму және зерттелетін мәселелерді шешу қабілетін көрсетті.

МАК құрамына қатысқандар: төраға – филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының доценті С. Н. Машкова; комиссия мүшелері: филология ғылымдарының кандидаты, филология департаментінің қауымдастырылған профессоры Т.Р. Пчелкина, филология ғылымдарының кандидаты, филология департаментінің қауымдастырылған профессоры К. К. Сегизбаева, педагогика ғылымдарының магистрі, филология департаментінің аға оқытушысы Л. А. Конвисарова, филология департаментінің аға оқытушысы С. Б. Арсаева; МАК хатшысы – гуманитарлық ғылымдар магистрі, филология департаментінің оқытушысы А. И. Рядинская.

Алғаш рет дипломдық жұмыстарды қорғау рәсімі онлайн режимінде өтті. Алдын ала қажетті құжаттар пакеті дайындалды, оған антиплагиаттың өтуі туралы есеп, диплом жұмысының мәтіні, ғылыми жетекшінің пікірі, рецензия, сондай-ақ презентация және баяндама жасау кіреді. 15 минут ішінде студенттер дипломдық зерттеулерді ұсынды, ал сөз сөйлегеннен кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Содан кейін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы дипломдық жұмыстарға пікір мен рецензиялар ұсынды. Комиссия сұрақтарына жауаптар мен рецензенттердің ескертулері зерттеуді толық ашу мүмкіндігіне ие болды.

Комиссия мүшелері нәтижелерді талқылау кезінде жұмыстың мазмұны, зерттеудің тереңдігі мен сапасы, дербестік дәрежесі, кәсіби білім деңгейі, ресімдеу сапасы мен қорғау деңгейі сияқты маңызды аспектілерді ескереді.

Комиссия мүшелерінің отырысынан кейін студенттерге баға берілді.

Түлектер ғылыми жетекшілерге қолдау көрсеткені және кеңес бергені үшін және комиссия мүшелеріне атқарылған жұмыстары мен бағалы ескертпелері үшін алғыстарын білдірді.

diplom online

diplom online

diplom online

diplom online

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша дипломдық жұмыстарын қорғау