09.04.2020 күні сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұлықтаушы ұстаз» ақын, ғалым Серікбай Оспановпен онлайн кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шет тілі оқу пәні ретінде білім алушылардың жалпы оқу және логикалық іс-қимылдарға, мәселелерді қою және шешу бойынша іс-қимылдарға қабілетін қалыптастыру тұрғысынан үлкен әлеуетке ие. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру үшін оқу іс-әрекетінің түрлері мен нысандарын жетілдіру қажет (пәндік апталықтар, конкурстар, викториналар, ойындар, КТК, мерекелер, жобалық қызмет, рөлдік ойындар және т.б.). Бұл өткен материалды бейнелік ойлау деңгейінде бекітуге мүмкіндік береді.

«Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын тойлау туралы қаулысын орындау мақсатында, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті 2020 жылдың 19 ақпанында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Абай оқулары» өңірлік байқауын өткізді. «Абай оқулары» байқауының мақсаты: Абай шығармалары мен қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, классикалық әдебиетті оқуға студенттердің қызығушылығын арттыру, басқа ұлттардың тілдеріне аударылған Абай шығармаларымен танысу, Абай шығармалары арқылы көркем оқуды дамыту, тіл мәдениетін дамыту, Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен жеке қасиеттерді мен ұлттық рухани мұраға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

2020 жылдың 20 қаңтары мен 08 ақпаны аралығында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» және 5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары 3 курс студенттерінің оқу-тәрбие педагогикалық практикасы өткізілді. 20-ақпан күні студенттер практиканың есептік құжаттарын қорғады.Мақсаты: студенттердің есептік құжаттарын қорғауын ұйымдастыру, кәсіби іс-тәжірибе нәтижесін қорытындылау, жетілдіру жолдарын талқылау. Іс-шараға филология департаменті басшысы ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нұрмұхаметова Қарлығаш Тұрғанбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы оқытушылары: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мырзағалиева К.М., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамиева Б.О., ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Исова Э.А., гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Сейсембай Т.Т., аға оқытушы Сейсембай Г.А., сонымен қатар, педагогика бойынша әдіскер аға оқытушы Әбдіркенова А.Қ. қатысты.

2020 жылдың 19 ақпан күні кезекті Филология департаментінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушыларымен «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының (№9, №6, №20, №16, ЖЖМ) мектептерінен 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Жалпы іс-шараның мақсаты студенттердің рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының көтеру болып табылады. Департамент басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова, білім беру бағдарламаларының басшылары мен мемлекеттік қызмет және рекрутирлеу басқармасының бастығы Н. В. Ковалева сөз сөйлеп, аталмыш іс-шарада ҰБТ тапсыру рәсімі, жоғары оқу орнын дұрыс таңдау, жалпы болашақ мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.

7 ақпанда «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру апталығы аясында «Менің елімнің болашағындағы менің орным» эссе байқауы қорытындыланды. Оған 1-2 курс студенттері, орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың барлығы – 70 адам. Іс-шара барысында білім беру бағдарламасын және оның жетістіктерін насихаттау мақсатында жалдау науқаны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – белсенді өмір салтымен жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

2020 жылдың 5 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бағытындағы білім беру апталығы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шара өтті (К. Сегізбаева, С.К. Арсаева). Шығармашылық жұмыстар конкурсына «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезеңде оқушылар шығармашылықтарын көрсетіп, өз топтарын ұсынды.

Филология департаменті студенттер рекрутинг стратегиясының басым бағыттарының бірін жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің оқушылары үшін 2020 жылдың 22 қаңтарында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Бұл шара университетпен танысу үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларға болашақ жолды анықтауда дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік берді.Іс-шараға Қостанай қаласының (№ 8, № 7, № 23, № 18, № 16, № 2, № 3, № 5, № 17, № 115) мектептерінен 80-нен астам оқушы қатысты.Іс-шара бағдарламасы болашақ талапкерлер үшін маңызды әрі пайдалы болды. Филология департаментінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ. Нұрмұхаметова "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сілтеме жасай отырып, мұғалім мамандығының беделін, сондай-ақ қазіргі әлемдегі трендтердің бірі ретінде тілдерді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

2020 жылы 15 қаңтар айында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология Департаментінің  көптілділік орталығында ағылшын тілінде сабақ жүргізетін мұғалімдерге «Басқа тәсілмен оқыту: оқытуда шығармашылық ойлау барысында тіл дағдыларын дамыту» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік - класс жетекшісі, көптілділік  орталығының маманы, Департамент филологиясының  ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы Кускадамова К.С.

2019 жылы 12 желтоқсанда филология департаментінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламалары ҚР Тәуелсіздік күніне және Жастарды қолдау жылына орай департамент студенттерімен арнайы кездесу өткізді. Филология департаментінің басшысы Қ.Т. Нұрмұхаметова және білім беру бағдарламаларының жетекшілері Сейсембай Т.Т., Кинжибаева А.С. студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, төмендегі номинациялар бойынша студенттерді алғыс хат, мақтау қағазымен марапаттап, сертификаттар табыстады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті