1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Күні

 2019 жылғы бірінші желтоқсанда «Дела житейские» телевизиялық бағдарламасының («Қазақстан-Қостанай» телерадиокомпаниясы) аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі мен жеке феномені туралы қызықты диалог өтті.

Бағдарламаға В. Г. Вишниченко (ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры), С. М. Жалыбин (сенаторлар кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, Облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі), Р. Г. Нұрмағамбетов (ЧелМУ ҚФ, заң ғылымдарының кандидаты), Д. А. Качеев (А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, философия ғылымдарының кандидаты), Б.Г. Иртаева (Мемлекеттік қызмет ардагері, облыстың іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі) мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ тарих факультетінің студенттері қатысты.

Сөз сөйлегендер өзара пікір алмасу барысында Ұлт Көшбасшысының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, халықаралық беделге ие болған ірі ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы айрықша рөлін атап өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлымен өткен кездесулерден алған әсерлерімен бөлісті.

Талқылау бойынша жалпы қорытынды бір, ол – ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың рөлін төмендету немесе әсірелеп көрсету мүмкін емес. Оның жеке басының феномені анық әрі одан әрі терең ойлана түсуді талап етеді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Күні