ҚХА республикалық аналар кеңесі және ҚХА кафедрасы -студенттердің диалог алаңы

2019 жылдың 29-30 қазан аралығында Қостанай қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңейтілген отырыс бағдарламасында студенттермен кездесулер, қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстел форматындағы кездесулер, БАҚ үшін брифинг, облыстық Аналар кеңесінің қызметінің көрмелері, ҚХА республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы жоспарланған.

29 қазанда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ҚХА кафедрасының базасында Аналар кеңесінің қатысушылары ЖОО студенттерімен кездесті.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова диалог алаңын аша отырып, іс-шараның мақсатын белгілеп, қонақтарды таныстырды.

Құрметті қонақтар арасында ҚХА мүшелері, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, бизнес өкілдері мен ЖОО оқытушылары болды.

Олардың ішінде Чумакова Зулпа Супьяновна (ҚХА мүшесі, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі); Иванова Галина Борисовна (Маңғыстау облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі); Шакенова Зауреш Мейрамқызы (Солтүстік Қазақстан облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі); Кирилинская Людмила Всеволодовна («Shuǵylakіtap» баспасының бас директоры, Шымкент қаласы); Стыбаева Айгуль Шильдебайкызы («Shuǵylakіtap» баспасы бас директорының орынбасары) мен баспа менеджері Гиясов Ильхомжен Уткурович болды.

Кездесу барысында ҚХА қызметіне, ҚХА Аналар кеңесінің қызметіне, сондай-ақ «Қазақтану» және «Мың бала» жобаларының мазмұнына түсініктеме берілді.

Кездесудің «Баға жетпес сый» акциясы аясында ҚХА тарихы, Қазақстан халықтарының мәдениеті, Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіздік тарихы мен қалыптасуы және т. б. тақырыптардағы бірегей кітаптар сыйға тартылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚХА республикалық аналар кеңесі және ҚХА кафедрасы -студенттердің диалог алаңы