Қауымдастық отырысында талқыланды

2019 жылы 24 қыркүйекте Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің базасында ҚХА кафедраларының республикалық Қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында аймақтардағы ҚХА кафедраларының жұмысын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелер, кафедралардың Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Жолдауын түсіндіруге қатысуы, ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Дәстүр бойынша, құттықтау сөзімен Л. Гумилев ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов сөз сөйледі. Ол осыдан 6 жыл бұрын дәл осы университетте ҚХА алғашқы кафедрасы ашылғанын, бір жылдан кейін ҚХА кафедраларының Қауымдастығы құрылғанын атап өтті.

«ҚХА кафедралары – классикалық тұрғыдағы кафедралар емес, олардың қалпы басқаша, әрбір кафедра – шағын ғылыми зертхана. Кафедралардың қызметі ұлттық дәстүрлерді сақтауға, жастарды отансүйгіштікке, толеранттылыққа тәрбиелеу мен қалыптастыруға бағытталған. Кафедраларға ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру, әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын, Абайдың 175 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын дайындау және өткізу бойынша ерекше жауапкершілік жүктелген. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 42 кафедра бар» -деп, ҚХА кафедралар қауымдастығының төрағасы А. Башмаков сөз жалғады.

Күннің екінші жартысында ҚХА кафедрасы басшыларының ҚХА төрағасының орынбасары Ж. Қ. Түймебаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ол кафедраларға Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және ҚР Президентінің Жолдауын ілгерілету бойынша ауқымды әрі жауапты жұмыс жүктелгенін атап өтті. Оның пікірінше, ҚХА кафедраларының өзіндік дербестігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, оқыту бағдарламаларының сапасын талдау, ҚХА кафедраларының бірыңғай жұмыс жоспарын дайындау, ал қауымдастықтың қызметін жаңа деңгейге шығару қажет.

ҚХА кафедраларының Қауымдастығы отырысының жұмысына ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Б. М. Нарбекова, ҚХА кафедраларының басшылары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері қатысты.

24 09 2019 2

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз