ҚХА облыстық сессиясының жұмысына ҚХА кафедрасы қатысты

2019 жылғы 26 маусымда Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік пен келісім - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жол" атты XXVII сессиясы өтті.

Сессияны Қостанай облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Архимед Бегежағұлы Мұхамбетов ашты. Облыс әкімінің айтуынша, 102-ден астам этнос біздің облыста тұрады. Мемлекет пен Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында осы халықтардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде.

Архимед Бегежанұлы облыстық ҚХА қызметіне жоғары баға берді, "Бүгінгі таңда ҚХА өз қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізіп қана қоймай, сонымен қатар қайырымдылық акцияларға белсене қатысады", - деп атап өтті. Өз сөзінде ол: "көптеген этномәдени орталықтар Арыс қаласындағы оқиғаларға назар аударды. Азық-түлік, киім-кешек, ақша жиналды және берілді".

ҚХА облыстық сессиясында Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ОҚХА Медиация кеңесі төрағасының орынбасары О. Н. Евдокимова баяндама жасады. Оның мәселесі Медиация кеңесінің жұмыс қорытындысына арналды.

Өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту" атты XXVII сессиясында салтанатты сөз сөйлеген Н.Назарбаевтың: "қазір, - деді ҚХА төрағасы, - медиация институты туындаған даулы мәселелерді алдын алуға және дер кезінде шешуге бағыттау қажет". Деген сөзін еске алды.

Сондай-ақ, облыстық Ассамблеяның қатысушылары балаларды медиацияға үйрету, яғни даулы мәселелерді шешуге көмектесе білуі керек деп сенеді. Биыл мектеп медиациясы бойынша семинарлар Қамысты ауданында, Рудныйда және Қостанайда өтті. Осындай семинарлар Сарыкөл және Қостанай аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында өткізіілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚХА облыстық сессиясының жұмысына ҚХА кафедрасы қатысты