"Жастар ортасындағы медиацияның ерекшеліктері» тақырыбындағы семинардың қорытындысы туралы

2019 жылғы 21 маусымда ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында "Инфинити" даму орталығы " қоғамдық бірлестігі "Медиация жастар арасындағы бірлікті нығайту факторы ретінде" атты семинар өткізді. Семинар ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары үшін ұйымдастырылды.

Бұл әлеуметтік жоба Елбасы Н. Назарбаев жариялаған Жастар жылы және "Рухани жаңғыру"бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Сабақты запастағы подполковник Сиырбаев Алтай Мұхтарұлы өткізді.

Семинарды өткізуге Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова шақырылды. Ол Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ медиация және халықтық дипломатия мектебі туралы айтып беріп, даулы жағдайдың құрылымын ашып, жастар ортасындағы медиацияның ерекшеліктерін ашып көрсетті.

Сонымен қатар семинар жұмысына "Қостанай облысы медиаторлар Ассоциациясы" ҚҚ төрағасы С. А. Богатырев және "Қогамдык келесім" КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Р. Ж.Мурзагалиев қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті "Жастар ортасындағы медиацияның ерекшеліктері» тақырыбындағы семинардың қорытындысы туралы