Қостанай облысының мектептерінде медиация бойынша семинарлар өтті

Облыстық ҚХА мен Достық үйі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала және облыс мектептерінің оқушылары үшін «Мектеп медиациясы мен халықтық дипломатия» атты оқыту семинарларын өткізеді. Аталған жоба қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында мектеп медиациясын дамытуға ықпал етуге, білім беру кеңістігіне Медиация инситиутының тетіктерін енгізуге, Медиация негіздеріне және жанжалдарды тиімді шешу дағдыларына үйретуге бағытталған.

Осындай семинарлар Рудный қаласының №11 ОМ мен Қостанай қаласының №17 ОМ өтті.

ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, облыстық ҚХА медиация кеңесі төрағасының орынбасары О. Н. Евдокимова «Медиация мектеп ұжымындағы өзара жанжалсыз іс-қимылдың шарты ретінде» тақырыбында тренер ретінде сөз сөйледі.

Оқушылар сабақта «жанжал» және «медиация» ұғымдарын зерделеді, жанжалдағы оң және теріс жақтарын атап өтті, жанжал жағдайының құрылымын қарастырды, мектеп ұжымында қалыптасқан жанжал жағдайларының бірнеше мысалдарын талдады.

Тренер атап өткендей, оқушылар өте белсенді болды, диалогты ашық жүргізді, өз ойларын батыл білдіре білді.

Семинар соңында барлық тыңдаушылар атаулы сертификаттар алуымен қатар, болашақта алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады, мектеп медиациясының жұмысына қатыса алады немесе мектеп ұжымдарында еріктілер бола алады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қостанай облысының мектептерінде медиация бойынша семинарлар өтті