Облыстық достық үйінде көпэтникалық ортада медиацияны жүргізу үйретілді

«Қоғамдық келісім» КММ-де 2019 жылы 29 наурызда «Көпэтникалық ортадағы Медиация (даулар мен қақтығыстарды соттан тыс шешу)» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Қостанай облысының медиаторлар қауымдастығының президенті С.А. Богатырев пен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар одағының төрағасы, кәсіби медиатор А. Г. Рахишева сөз сөйледі.

Облыстық ҚХА медиация кеңесі төрағасының орынбасары, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова семинарда модератор ретінде сөз сөйледі.

А.Г. Рахишева өз сөзінде көпэтникалық ортадағы дауларды соттан тыс шешу тәсілі - Медиация туралы айтып, өз тәжірибесінен сәтті медиацияның мысалдарын келтірді және тыңдаушыларға 3 жағдаяттық мысалды талдата отырып практикум өткізді.

Барлық тыңдаушылар семинар соңында сертификат алды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Облыстық достық үйінде көпэтникалық ортада медиацияны жүргізу үйретілді