ҚХА кафедрасының профессорлары «Сарапшы» саяси клубының құрамына енді

2019 жылдың 29 сәуірінде Л. Толстой атындағы облыстық кітапхананың әдеби қонақжайында Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Сарапшы» саяси клубының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында 1-ші отырысы өтті.

Клубтың салтанатты ашылуына клуб мүшелері мен ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к. В. Г. Вишниченко және ҚХА кафедрасының профессоры, п. ғ. к. З. У. Карбенова қатысты.

Өз сөзінде Валерий Георгиевич Н. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы көрнекті рөлін қысқаша сипаттап берді. Ол асқар тау алыстан көрінетінін айта отырып, Ұлт Көшбасшысы тұлғасының феноменін бағалау болашақтың үлесінде екенін атап өтті.

Бұл тұрғыда біз Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Елбасының рөліне және оның халықаралық қоғамдастықта қабылданған ғана емес, сонымен қатар белсенді жүзеге асырылып жатқан ауқымды халықаралық бастамаларына тағы да қайта оралуымыз қажет.

З. У. Карбенова алдағы электоралды компанияға тоқталып, Ұлт көшбасшысының мемлекеттік мәселелерді шешудегі жауапты мемлекеттік көзқарасын атап өтіп, жиналғандардың назарын Елбасының ел Президентінің өкілеттігін алып тастаудың жауапты шешімі туралы ерекше атап өтті.

Отырыс соңында саяси клубтың регламенті қабылданып, клуб мүшелерінің құрамын бекітті және оның алдағы қызметі туралы бірқатар нақты ұсыныстарды талқылады.

В. Г. Вишниченко отырыс аяқталғаннан кейін «Қазақстан-Қостанай» теле-радиокомпаниясына сұхбат беріп, ол 2019 жылдың 29 сәуірінде эфирге щықты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚХА кафедрасының профессорлары «Сарапшы» саяси клубының құрамына енді