"Бір халық, бір ел, бір тағдыр"

2019 жылдың 19 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Челябі мемлекеттік университетінің Еуразия және Шығыс факультетімен бірлесіп "Бір халық, бір ел, бір тағдыр" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты - еліміздің тағдырына жауапты шығармашыл жастарды тәрбиелеу.

Екі елдің университеттерінің кездесуі ҚМПУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты О.Н.Евдокимованың құттықтау сөзінен басталды. Кейін Челябинск облысының қонақтары мен КПМУ студенттері үшін "Президент біздің ойларымыздың көрінісі" атты фильмінен үзінді көрсетіліп, 3 курс студенті Райымбектің орындаған "Құрманғазы" күйімен өз жалғасын тапты. Спикерлер ретінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы - ел және халық бірлігінің кепілі» тақырыбында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры К.Х.Жакып ағамыз және ҚМПУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты В.Г.Вишниченко да сөз сөйледі.

Келесі сөз Челябі мемлекеттік университетінің студенттері, ЧелМУ Еуразия және шығыс факультетінің студенттік өзін – өзі басқару кеңесінің төрағасы Карнаухов Денис және студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің мүшесі, "Азамат" Қазақ ұлттық-мәдени орталығының өкілі Азизов Шухратқа берілді. Айтылған тақырып: "ЧелМУ-дың Еуразия және шығыс факультетінің мәдени-көпшілік іс-шараларында ұлттық дәстүрлердің көрінісі.

Қорытынды сөз Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық ҚХА ғылыми – сараптамалық тобының мүшесі, ақын А.И.Суслова берілді. "Отанға деген сүйіспеншілікпен және құрметпен" тақырыбында сөз сөйлеген ақын өз ата-бабалары туралы айтып, Қазақстанға деген сүйіспеншілікке толы өз шығармаларын оқыды.

19-04-19

19-04-19

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз