Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет департаментінде дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т. ғ. к.  В.Г. Вишниченко қатысты.

Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.

Өз сөзінде Ұлт көшбасшысының ҚХА-ның XXVII сессиясында «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбындағы салтанатты сөзі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы контексіндегі қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға баса назар аударды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет департаментінде дөңгелек үстел өтті