Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ дің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция

2019 жылдың 18 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінде Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ дің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пленарлық жиналыста Ө.Сұлтанғазиннің өмірі мен қызметіне арналған және қазіргі мемлекеттік жастар саясаты мәселесіне байланысты баяндамалар тындалды.

Жалпы конференцияға 80 ғылыми мақала түсті. Қатысушылардың көлемі көп.

  • Ресей (Орал мемлекеттік экономикалық университеті),
  • Тәжікістан Республикасы (Худжан Гафуров атындағы мемлекеттік экономикалық университеті )
  • Өзбекстан Республикасы (ӨР ҒЗИ Қарақалпақ бөлімі )
  • Қырғызстан ( Ош мемлекеттік университеті) 
  • Индонезия  (Бали институты).

Баяндамалардың тақырыбы отандық және шетелдік тарихтың, көркем және музыкалық білімнің өзекті мәселелерін қамтиды. Атап айтқанда, тарихтың теориялық-әдістемелік мәселелері, қазақ қоғамын жаңғыртудың әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілері, музыкалық аспаптарды оқытудың заманауи әдістері.

Секция жұмыстары қорытындыланды. Студенттерге диплом және сертификаттар берілді.

Конференцияны ұйымдастырушы: Бекмағамбетова М.Ж., тел.: 8-701-647-30-22, e-mail:

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ дің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция