«Біздің тарихымыз ортақ, халқымыз тұтас!»

Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі шеңберінде этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері бұрынғысынша өзекті болып қалуда.

2019 жылдың 11 сәуірінде ҚХА кафедрасында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік - кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» білім беру жобасы аясында «қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру контекстіндегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» атты кезекті диалог алаңы өтті.

Психолого-педагогикалық факультетінің студенттері диалогтық алаң жұмысына белсене қатысты.

Студенттерге О. Н. Евдокимова құттықтау сөз сөйледі, ол студенттермен «бірегейлік» ұғымын және бірегейліктің түрлерін қарастырды.

Қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі Б. А. Дандыбаев кафедраға қонақ рертінде келді. Ол өз сөзінде Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді сақтау өте маңызды екенін айтты. «Бүгін біз басқаның мәдениеттін өзіміздікіндей қабылдаймыз. Біз, қазақстандықтар, ұлттық мәдениеттердің алуан түрлілігін сақтап, мәдениет негіздері біздің дінімізде қаланғанын есте сақтауымыз керек», - деді Бағытур Әлімбайұлы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, т.ғ.к.         В.Г. Вишниченко Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін ұсынды және Столыпин реформасы, жаппай қоныс аудару, Тың, Ұлы Отан соғысы сияқты т. б. ауыр жылдарда қазақ халқының бірігуінің жарқын мысалдарын келтірді.

Валерий Георгиевич: «Біз есте сақтауымыз керек, біздің тарихымыз ортақ, халқымыз тұтас!» - деп өз сөзін қорытындылады.

«Президент біздің ой-санамыздың көрінісі іспеттес» (режиссері Г. Б. Бекмұхамедова) деректі фильмінен көруге ұсынылған үзінділер біздің спикерлердің сөздерінің дұрыстығын атап өтті.

Осыдан кейін студент жастар сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, олар Б. А. Дандыбаевтан БАҚ-та «Қазақстан халқы Ассамблеясы» нысаны қолданылатынын, дегенмен, «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» түрінде де жиі естуге болатынын, қателік жасамау үшін қалай дұрыс айту керектігін сұрады.

Жалпы, кездесудің танымдық және тәрбиелік мәні зор болып, қызықты өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Біздің тарихымыз ортақ, халқымыз тұтас!»