Амирхамзин Н.К. - Қостанай меценаттар клубының "Шабыт" сыйлығының лауреаты

Биылғы жылы 19-рет өткізіліп отырған Қостанай меценаттар клубының өнер, ғылым, журналистика, мәдениет сынды салаларда озық шыққандарға «Қазына», «Шабыт» сыйлықтарын тапсыру салтанаты 11 сәуір күні Жастар сарайында өтті.

Мәдениет саласындағы жетістіктер - бұл қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі наградалармен белгіленген өндірістік, қоғамдық және рухани қызметтегі нақты жетістіктер еді. Осы жетіктіктерге соңғы жылдары қол жеткізіп жүрген «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы Әмірхамзин Наурызбай Қасенғалиұлы Қостанай меценаттар клубы тағайындаған «Шығармашылық ұжым жетекшісі» номинацияы бойынша «Шабыт» сыйлығының иегері атанды. Наурызбай Қасенғалиұлы білім ордамыздағы ұстаздық қызметімен қатар "Нұр әуен" домбыра студиясының жетекшісі болып табылады. Студия халықаралық, республикалық, облыстық конкурстардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

Биылғы жыл, Наурызбай Қасенғалиұлы үшін табысты жыл болды. Оның тағы бір дәлелі, қыркүйек айында облыстық мәдениет басқармасының басшысы қолынан елеулі еңбегі үшін алынған дипломын атауға болады. Онымен қоса Қостанай облысы жоғарғы оқу орындары арасындағы «5 жаңа тұлға» облыстық байқауының нәтижесі бойынша «Мәдениет» номинациясына қол жеткізді. Наурызбай Қасенғалиұлына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Амирхамзин Н.К. - Қостанай меценаттар клубының "Шабыт" сыйлығының лауреаты