Туризм этностар арасындағы үйлесімді қатынастарды дамыту тәсілі

2020 жылдың 26 мамырында ҚХА кафедрасында «Қазақстанның ұлттық құрамы: этносаралық шиеленіс пен шекаралық және сентиментальды туризмді дамыту факторы» атты қонақтармен онлайн дәріс болды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі Қаратабанов Руслан Әділханұлы лектор ретінде сөз сөйледі. Оның ғылыми қызығушылықтарының шеңберіне геосаясат және саяси география, географиялық білім беру, оқыту әдістемесі, патриоттық тәрбие және  геосаяси сауаттылықты қалыптастыру кіреді.

Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстанның шекаралық және сентиментальды туризмін ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен өркендеуді сақтау тәсілі ретінде дамытуды талқылау болды. Бүгінгі таңда туризмнің бұл түрі жеткілікті зерттелмеген әрі кең таралмаған.

Дәріс барысында автор өзінің ғылыми зерттеулерінің материалдарын ұсынды, «этникааралық шиеленіс», «сентиментальды туризм», «шекаралық туризм» ұғымдарына анықтама берді, этностардың этникааралық шиеленіс деңгейіне әсер ету дәрежесін және Қазақстанның этносаралық шиеленіс картасын ұсына отырып, этносаралық қақтығыстардың себептерін атап өтті. Осы зерттеу материалдары Болгарияның жетекші ғылыми журналында жарияланды.

Студенттер дәріске белсене қатысып, дәріс соңында: «Қазақстанның заманауи туризмі этникааралық қатынастарға қалай әсер етеді?», «Біздің республикада шекаралық туризмнің табысы қандай?» «Біздің елімізге этносаралық қақтығыстар қалай әсер етеді?»  деген сияқты сұрақтар қойды.

Р.Ә. Қаратабановтың пікірінше, «қақтығыстардың алдын алу мақсатында студенттік ортада жанжал теориясын, қақтығыстардың мәнін зерттеу қажет», ал «осы зерттеудің ұсынылған нәтижелері Қазақстан Үкіметі демографиялық және көші-қон саясатын жүргізген кезде, бұдан басқа, қауіпсіздік органдары, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы жоспарланған және іске асырылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін жұмыс нәтижелерін ескеруі мүмкін».

Қазіргі жастар жаңа бағыттың қозғаушы күші болуы тиіс, азаматтық қоғам, бәсекеге қабілетті мемлекет құруы тиіс, бұл ретте ұлттық дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мәдениетті есте сақтап, «Қазақстан Республикасында маңызды міндет - Қазақстан халқын құрайтын ел этностары арасындағы үйлесімді қатынастарды сақтау болып табылатынын...» жадында ұстап, этносаралық шиеленіс деңгейін төмендетуге бағытталғанын есте сақтауы тиіс.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Туризм этностар арасындағы үйлесімді қатынастарды дамыту тәсілі