Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 25 жылдығына орай студенттермен өткен вебинар

Жаратылыстану-математика факультеті мен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 40-қа жуық студенті Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған ғылыми-білім беру жобасының аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» атты онлайн семинарға қатысты.  Аталған кездесу  Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында 24 сәуір күні онлайн режимде өтті.

2020 жылдың қаңтар айында университетке ҚР БҒМ-нен ҚР Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарына сілтеме жасалған хат келген болатын. Хатқа мазмұнына сай, ағымдағы жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Конституциялық Кеңес мүшелері мен судьялардың қатысуымен ҚР Конституциясы мен ҚХА-ның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілуі керек.

2020 жылдың ақпан айынан наурыз айына дейін  ҚХА кафедрасында  кездесулер өткізілді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлін күшейтудің негізгі факторлары - Основные факторы усиления  общественно-политической роли  АНК» атты кезекті кездесу сәуір айына жоспарланған болатын.

Қостанай облыстық сотының судьясы А. К. Нұрлымбаева өзінің жұмыс орнында отырып,  Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі туралы онлайн форматында сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде Конституцияны қабылдау тарихы, Конституцияның негізгі ерекшеліктері мен ҚР Конституциясының кейбір ережелерін ашып көрсетті. Оның сөзінде Қостанай облысы аумағында карантинді енгізуге байланысты мәселе өзекті болды. Ағайша Кәрімқызы ТЖ кезіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, «Қозғалу құқығы» құқықтық нормасына түсініктеме берді.

Қостанай облыстық ҚХА мүшесі, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Ө. Сұлтанғазин атындағы  ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры Вишниченко Валерий Георгиевич қолданыстағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің тұжырымдамалық негіздерін ашып көрсетті.

Аталған кездесудің модераторы ҚХА кафедрасының меңгерушісі О.Н. Евдокимова болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 25 жылдығына орай студенттермен өткен вебинар