ҚХА кафедрасындағы алғыс айту күніне арналған, ҚХА-ның 25 жылдығы - Жылдың салтанатты ашылуы

2020 жылдың 6 наурызында ҚХА кафедрасында облыстық ҚХА мүшелерінің қатысуымен Алғыс айту күніне және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған ҚХА-ның 25 жылдығы жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Театрланған қойылым, халықтың қоныс аударуы туралы бірнеше өлеңдер, спикерлердің сөз сөйлеуі, З. С. Чумакованың «Адам бол!» поэмасынан үзінді және ҚМПУ студенттеріне автордан бейне жолдау – бұның бәрі мереке сценарийінің негізі еді.

Тарих мамандығының ІІ курс студенттері Қазақстанға қоныс аудару кезеңінен шағын театрланған көрініс қойды.

  • Біз өз қойылымымызда белгілі бір халыққа баса назар аудармадық. Жер аудару кезеңінде Қазақстан аумағына 800 мыңға жуық немістер, 102 мың поляктар, 550 мың Солтүстік Кавказдың өкілдері, 18,5 мың кәріс отбасылары қоныс аударды. Олардың барлығын көшіріп, ен далада қалдырды. – деп, сценарист және қоюшы, «Тарих» мамандығының ІІ курс студенті Мендыбаева Татьяна айтып берді. – Біз сахнада 2 дүниені көрсетуге тырыстық: бірінде мемлекеттен адамдарды алып кетіп, екіншісінде Қазақстанға, ен далаға әкеп тастап кеткен сәт. Біз құрт туралы танымал сюжетті еске түсіріп оны өз қойылымызда көрсеттік. Біздің ойымызша, бізде бәрі сәтті шықты!

Спикер ретінде кездесуге шақырылған т.ғ.к., доцент Е. В. Ярочкина кәріс халқының Қазақстанға жер аударылуы туралы айтып берді. Нағашы әжесінің жер аударылған халықтың қатарында болғанын айта кету керек.

«Надея» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Леонидович Радомский өз ата-бабаларының Қазақстанға қалай жіберілгені және оның балалары мен немерелері Қазақстан жерінде өз бақытын қалай тапқаны туралы айтып берді.

ҚХА кафедрасының меңгерушісі О. Н. Евдокимова З. С. Чумакованың «Адам бол!» туындысынан үзінді оқып, кездесуге қатысушылардың әрқайсысына жер аударылған халықтың барлық ауыртпалығын сезіндіріп, көздеріне жас келтірді. Зинаида Супьяновна Чумакова – ҚХА мүшесі, Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 10-нан астам кітаптың авторы, халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол бірнеше рет біздің жоо-да ҚХА кафедрасында болған. Жақында, Алғыс айту күні қарсаңында, Зинаида Супьяновна өзінің бейне үндеуін Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің студенттеріне арнап, «Алғыс айту күнімен» құттықтады, оның тұжырымдамасы сталиндік қуғын-сүргіннің барлық қиыншылықтарынан өткен адамдардың шынайы ықыласына негізделген, барлық қазақ халқына көрсеткен көмегі үшін, бауырлық арқа сүйеу болғаны үшін және соңғы нанмен, сүтімен, қанмен, Отанмен бөліскені үшін «рақмет» деп айтуға негізделген.

Облыстық ҚХА мүшесі, ҚХА кафедрасының профессоры В.Г.Вишниченко бірегей қоғамдық институт - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын айтып, ҚХА қызметінің мақсаттары, міндеттері мен негізгі бағыттарын ашып айтты.

Қонақ ретінде кездесуге қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының оқытушылары Л. И. Нурмагамбетова мен Б. Х. Альшанова шақырылды, олар кездесуден оң әсер алып, өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

«Осы іс-шарада айтылған оқиға менің көзіме шын жүректен жас үйірді», «Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет», «Музыка, видео, презентация жақсы ойластырылған», «ІІ курс тарихшы студенттер, жарайсыңдар!», «Кездесу бірлікке шақырды», «Жағымды әсер қалдырды» - бұл пікірлер, ҚХА кафедрасының қонақтарының қалдырған пікірлерінің бір бөлігі ғана еді.

ҚХА кафедрасының ұжымы іс-шараға қатысқан спикерлерге, қатысушы студенттерге, ППФ, ФФ, ЖМФ студенттеріне және ЖОО оқытушыларына алғыс білдіреді.

Барлығына рақмет!

06 03 2020 b

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ҚХА кафедрасындағы алғыс айту күніне арналған, ҚХА-ның 25 жылдығы - Жылдың салтанатты ашылуы