2020 жылдың 26 мамырында ҚХА кафедрасында «Қазақстанның ұлттық құрамы: этносаралық шиеленіс пен шекаралық және сентиментальды туризмді дамыту факторы» атты қонақтармен онлайн дәріс болды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі Қаратабанов Руслан Әділханұлы лектор ретінде сөз сөйледі. Оның ғылыми қызығушылықтарының шеңберіне геосаясат және саяси география, географиялық білім беру, оқыту әдістемесі, патриоттық тәрбие және  геосаяси сауаттылықты қалыптастыру кіреді. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстанның шекаралық және сентиментальды туризмін ұлтаралық келісімді, бейбітшілік пен өркендеуді сақтау тәсілі ретінде дамытуды талқылау болды. Бүгінгі таңда туризмнің бұл түрі жеткілікті зерттелмеген әрі кең таралмаған.

2020 жылдың  1 мамырында, Қазақстан халқының Бірлігі күні, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация Кеңесі «Біздің қүшіміз ынтымақ пен бірлікте» атты Виртуалды қабылдау өткізді. Кездесу кәсіби медиаторлардан тегін заң кеңесін алуға, даулы жағдайды реттеуге, Қостанай облысының тұрғындары арасында медиация институтының қағидаттарын таратуға бағытталған.

«Sanaly Urpaq - 2050» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында буктрейлер форматында «100 жаңа оқулық» атты облыстық байқау өткізді. Буктрейлер – бұл кітаптың мазмұнын визуалдай отырып, ең жарқын және танылатын сәттерін қамтитын шағын бейнеролик. Осындай роликтердің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында аударылған кітаптарды кеңінен насихаттау. Бұл тапсырманы жақсы орындап, 2-орынды иемденіп, ақшалай ынталандыруға ие болған Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Жантас Ораз болды. sanaly_urpaq2050  инстаграмм парақшасында облыстық байқаудың қорытындысымен танысуға болады.

Электронды сайт негізінде 2020 жылдың 23, 24 сәуірінде Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы З.Б Шахаманның қатысуымен «5В 011500 - Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің дипломдық жобаларды алдын-ала қорғау іс-шарасын өткізді. Дипломдық жобаларды алдын-ала талқылау барысында ғылыми жұмыстардың негізгі ұстанымдары мен құрылымы, зерттеу нысаны мен объектісін нақтылау, материалдар мазмұнының эмпирикалық негізі, әдебиеттердің жеткіліктілігі мен нормативтік-құқықтық актілердің қол жетімділігі, дипломдық жобаларды дайындау үшін қосымша ресурс ретінде сайттардың ашықтылығы сынды мәселелер бірлесе пысықталып, нақтыланды.

Жаратылыстану-математика факультеті мен әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 40-қа жуық студенті Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған ғылыми-білім беру жобасының аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға ауысу ерекшеліктері» атты онлайн семинарға қатысты. 

2020 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Қостанай облыстық Достық үйі) мен Ө. Сұлтанғазин атындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен бірігіп «Қазақстан бірлігі халықтар достығында - Единство Казахстана в дружбе народа» атты онлайн конференция өткізді.  Ұйымдастырушылар кездесуге Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал да  қызықты, бастамашыл спикерлерді шақырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты, қазіргі облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі, ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры В.Г. Вишниченко Қазақстан халқы Ассамблеясының пайда болуының басы-қасында жүрді, сондай-ақ,  «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі болды. Өз сөзінде ол Қазақстандағы осы тарихи маңызды үрдістердің қалай өткеніне және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытудағы ҚХА рөліне ерекше тоқталды.

Тарихи сананы жаңғырту жоспарында "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері үшін өткен ұлы ойшылдар, ақындар мен билеушілердің бейнелер галереясын қалыптастыру идеясы ерекше қызығушылық тудырды. "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру студенттері мен оқытушылары "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы керек деген шешім қабылдады. Студенттер мен оқытушылар үшін - бұл көрмелерге қатысу, онлайн интернет көрме форматында қатысуыда мүмкін. 2019 жылы шыққан түлектер Карева Татьяна, Гусева Валентина, Бурцева Анастасия, Каминская Виктория, Карабутова Анастасия, Кожевина Екатерина, Кашапова Ольга, Кулманов Азамат, Мендыбаева Валентина, Тренина Оксана, Орманбекова Елдана, Петрова Юлия, Шаймерден Танайым, Жүнісбек Саржан шығармашылық жұмыстарды дайындады.

20 сәуір 2020 жылға өнер кафедрасының меңгерушісі "Нұсқаулық қорытынды аттестаттауды өткізу жағдайында ҚОТ" атты вебинар өткізді. Студенттерді мемлекеттік аттестаттау 2020 жылдың 11 мамыры мен 14 маусымы аралығында бейнеконференция жүйесі арқылы өткізілетін болады - мекенжай жолы  http://conference.kspi.kz. Түлектер мемлекеттік емтиханға дайындық талаптарымен танысты: 1.  Бейнелеу өнері және сызу - "Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан", оған Педагогика, Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі, Сызу оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар кіреді.

Шығармашылық мамандықтар студенттерін оқыту барысында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану бірқатар ерекшеліктерге ие. Осыған байланысты, Ө.Сұлтанғазина атындағы ҚМПУ, өнер кафедрасының оқытушылары 4 сәуір мен 11 сәуір аралығында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушылардың тәжірибелері бойынша вебинарлар өткізді. "Музыкалық білім", "Визуалды өнер, көркемдік еңбек, графика және жобалау" білім беру бағдарламаларының оқытушылары екі күн бойы қашықтықтан оқыту мүмкіндіктерімен бөлісті. 

Соңғы кезде медиация институты дау-жанжалдарды соттан тыс реттеудің тәсілі ретінде кеңінен танылып келеді.  Медиация шиеленіскен тараптарға даулы жағдайдың шешімін бірлесіп табуға көмектеседі. Медиация – бұл тәуелсіз және бейтарап тарап (медиатор) шиеленіскен тараптарға қысқа мерзімде бірлескен күш-жігермен және екі жақтың да мүдделерін ескере отырып, тараптардың әрқайсысы үшін тиімді шешімге келуге  көмектесуді  негізге алатын  татуласу әдісі. ҚМПУ ҚХА кафедрасының базасында жастарды Медиация негіздеріне оқыту және кәсіби бағдар беруге ынталандыру, қоғамда өзара жанжалсыз  қарым-қатынас жасау, жастар арасында медиацияның идеялары мен принциптерін тарату мақсатында медиация және халықтық дипломатия мектебі ашылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті