ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультеті «Биология», «География» мамандықтарының студенттері 2018 жылдың 13 наурыз күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биология факультеті бтология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция жұмысына Қазақстанның қалалары, таяу және қиыр шетелдердің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарының 140-тан аса өкілдері қатысты.

2018 жылғы 1 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1-қабатында Алғыс айту күніне сәйкестендірілген студенттердің және оқытушылардың салтанатты жиналысы өтті. Бұл мереке қазақ халқының ертеден келе жатқан қонақжайлылық, мейірімділік, жанашырлық және қайырымыдылық сияқты дәстүрлеріне негізделген. Қатарынан 8 жыл бойы жаратылыстану-математика факультетінде қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп келеді. Биыл да бұл игі іс жалғасын тапты.

2018 жылдың ақпан айының 22 жұлдызында «Математика» мамандығының 3 курс студенттерімен куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың басты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент Жолдауын студенттерге насихаттау және Жолдауды олардың қаншалықты меңгергенін тексеру. Кураторлық сабақты студенттер Сәкен Динара және Рисбекова Балжаной жүргізді. Студенттер төрт топқа бөлінді: «Жаңа ғасыр», «Ресурстар», «Ақылды технологиялар», «Мәңгілік ел» және топ басшыларын сайлады.

2018 жылғы 22 ақпанда жаратылыстану-математика факультетінде «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы» ММ өкілдерінің факультет шәкірттерімен кездесуі өтті. Психолог Кантореева Роза Дуйсенбайқызы студенттермен түрлі тренингтер өткізіп, туберкулез және АИТВ-ЖИТС ауруларын алдын-алу шаралары мәселелерін қозғады. Аталмыш іс-шараның мақсаты: тұрғындардың, оның ішінде студенттердің, екі еселенген індеттің пайда болуының тәуекел факторлары, ерте танып-білудің маңызы, уақытылы емдеу және алдын-алу туралы ақпараттылығын арттыру.

Кәсіби стандарттардың жобасын қаратыру үшін ұсыныс жарияланған соң 2018ж. 16 ақпанында ҚМПИ қабырғасында «Білім мен өнеркәсіптің интеграциясы: өзара әректтену тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Чернявская Ольга Михайловна құзыретті-бағытталудың негізінде жасалған «Кәсіп орындары үшін химикаттарды өндіру» бағыты бойынша жұмысшылардың еңбек қызметтерін жобалауына коментарий берді. Қатысқан химия ғылымдарының кандидаттары, стандартизация және химиялық өнеркәсіптің мамандары ұсынған жобаларға жоғарыкәсіби бағаларын берді және оларды жетілдіру үшін ұсыныс жасады.

16 ақпанда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 3 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді. 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында 15 білім беру мекемелеріне 45 студент бағытталды. Олардың ішінде «Қостанай облысы әкімдігі білім беру бөлімінің «Қостанай қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты» КММ, «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты» КММ бар.

Ақпанның 15 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «СБА күні – Қазақстанның Рамсар аймақтары. «Қостанай облысының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлары» ҚР ҒБМ – ҚМПИ жобасының нәтижелері» тақырыпты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды ұйымдастырып өткізуге жауапты жаратылыстану ғылымдары кафедрасының келесі оқытушылары: б.ғ.д., профессор Брагина Т.М., б.ғ.к, профессор Брагин Е.А., биология магистрі, аға оқытушы Бобренко М.А. және биология магистрі, аға оқытушы Рулёва М.М.

Желтоқсан мен ақпан аралығында жаратылыстану ғалымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 курс студенттері (куратор Рулева М.М.) әлеуметтік жоба орындау және «Бедвочерлер» клубының жүмысы аясында (Брагина Т.М., Брагин Е.А., Валяева Е.А) құстар үшін қазіргі оңай емес мезгілде қоректендіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер орталық саябаққа жиі барып, алғашқы бедвочерлер орналастырып кеткен құстарды қоректендіруге арналған астауларды тексеріп, құстарға азық салып беретін. Қысқы жұмыстың қорытындысы ретінде 2018 ж. 15 ақпанда Қостанай қ. А.М.Горький атындағы мектеп-гимназиясында «Жылу сыйлай біліңіз» экологиялық акциясы өткізілді.

2018 жылдың ақпан айының 13-і күні жаратылыстану ғылымдары кафедрасының студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамы 11 баланы тәрбиеге алған отбасының басшысы, Қостанай ауданындағы Алтынсарин орта мектебінің оқу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Тулегенова Гульжауһар Кабдикаримқызымен кездесу ұйымдастырылды. Сұхбат кезінде Гульжауһар Кабдикаримқызы тәрбиеге алған балаларының бөтен екенін сезінбейтінін, тату және көпұлтты отбасы екендіктері жайлы айтты.

2018 жылдың 13 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының апталығы аясында 7 қабатта «Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы оқытушыларының ғылыми еңбектері» атты көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда 150-ден астам оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар және кафедрада өткен конференциялар материалдарының жинақтары ұсынылды. Көрмені көруге келушілер биологиялық, физикалық-экономикалық география, химия циклдерінің бағыттары, сондай-ақ биология, география және химияны оқыту әдістемелері бойынша кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік құралдарына қызығушылық танытты. Көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткен ҚМПИ кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті