Жаратыластану – математика факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері 2018 жылдың 22 қарашасында Рудный индустриалдық институты ұйымдастырған Халықаралық Жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу мәселелерін қарауға тарту. Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы 4 секцияның жұмысын қамтыды, онда Қазақстанның үшінші жаңғыруына жастар әлеуетінің қосатын үлесі жайлы талқыланды.

2018 жылдың 21 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тапқыр саяхатшы географтар» атты ителектуалдық квест өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырған география магистрі Баймаганбетова Б.Б. Ойынның қатысушылары «География» мамандығының 2 және 3 курс студенттері болды. Берілген географиялық квесттің өткізілуі студенттердің интелектуалдық потенциалын, географиядағы білімдерін анықтауға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.

2018 жылдың 21 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 5В011300 – Биология, 5В011200 – Химия мамандықтарының студенттерінің химия ғылымдарының докторы, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінң профессоры Владислав Олегович Козьминыхпен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты органикалық синтез кезінде алынатын жаңа қосылыстардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістердің маңызын көрсету болды.

2018 жылғы 21 қарашада ЖМФ, жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология», «География» мамандықтарының 1-3 курс студенттері арасында Салауатты өмір салты бойынша іс-шаралар аясында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Қостанай қаласының жоғары санатты дәрігері Дунасарова Раушан Айдарханқызымен кездесу ұйымдастырылды. Дәріскер ЖРВА, ЖИТС ауруларының пайда болуының негізгі себептерін және олардың алдын алу шараларын туралы әңгімеледі.

МПУ–дың жаратылыстану-математика факультеті, информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық білім бері магистрі Айтбенова Аян Алтаевна мен информатика мамандығының түлегі Зиятов Ақбар«Android жүйесінде оқыту қосымшасын дайындау» атты жобасымен «Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық конкурсына» қатысып, қорытынды кезеңге өтті.

2018 жылғы 9 қарашада «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ» педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлатып жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру курстарының нәтижелері бойынша жаратыластану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Суюндикова Ж.Т., Баубекова Г.К. «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша формативті бағалау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдері» атты әдістемелік семинар өткізді.

2018 жылдың 6 қарашасында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының "География" мамандығының студенттері Қайрат Аяулым, Есеналина Әйгерім "Қазақстан Ұлттық Банкі" РММ Қостанай филиалы өткізген " Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы теңгенің рөлі " тақырыбындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Педагогикалық білім беру магистрі Г.К.Баубекова, география магистрі К.И.Омарова жетекшілік ететін "Теңгеге дизайндағы бейнелеген табиғат нысандарын талдау" тақырыбына ұсынылған баяндамаллар Қостанай облысының жоғары оқу орындары ұсынған 32 ғылыми жұмыстар арасында іріктеу кезеңінен өтті.

Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласының бағыттарын талқылау аясында 08.11.2018 ж. дөңгелек үстел: "Жастар басымдылығы - білім" тақырыбында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты, қазіргі заманғы реформалар процесінде - Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің педагогикалық практикасының нәтижесі жаңартылған білім беру үлгісінде ұйымдыстырылды. Мысал ретінде: Қостанай қаласынан НЗМ ФМН.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары Белан О. Р. және Кубеев М. С., сондай-ақ жаратылыстану - математика факультетінің биология және география мамандығының 4 курс студенттері Атрощенко О. және Коляда Я. 30.10-2.11.2018 уақыт аралығында филология және психология-педагогика факультеттерінің бірінші курс студенттері арасында "Таза қала" атты тренингін өткізілді. Осы іс - шараның мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру; қоршаған ортада болып жатқан барлық жағдайларға ортақтастық және қамқорлық сезімдерін дамыту.

2018 жылдың 25-ші қазан күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының «Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының химия пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Оқушыларға білім берудегі және білімін бағалаудағы заманауи көзқарастар: Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмыс тәжірибесі» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға шақырылған мұғалімдердің барлығы ҚМПИ түлектері болып табылады (Антаева Г.Т., Нурушева А.Б., Мұхтарұлы Е., Кинжекеева Г.М., Тулубаев Н.Б., Нурсултанова К.А., Дарибаева С.А.).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті