Біздің құттықтауымызды қабыл алыңыз!

2019 жылы 12 желтоқсанда Қостанай Жастар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жерлестерін құттықтады. Атаулы күнге орай марапатталғандардың арасында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ольга Михайловна Чернявская да болды.

Ольга Михайловна тек педагогикалық қызметпен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатыны атап өтілді. Жобалау тобының құрамында ол Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне арналған химикаттар өндіру саласында үш кәсіби стандарттарды әзірлеуді жүзеге асырды. Қазіргі уақытта орындалған кәсіби стандарт негізінде білім беру бағдарламасын әзірлеу жұмыстары аяқталуда.

Адал еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Чернявская Ольга Михайловнаға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Жаратылыстану ғылымдары және жаратылыстану-математика факультетінің ұжымы құрметті Ольга Михайловнаны шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық және білім беру саласында шығармашылық табыс тілейді.математического факультета от души поздравляет уважаемую Ольгу Михайловну и желает крепкого здоровья и дальнейших творческих успехов на ниве образования.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 53-04-55

Біз әлеуметтік желідеміз